Инженерлік геодезия
Сипаттама: Студенттердің инженерлік құрылыстарды зерттеу, жобалау және салу кезінде орындалатын инженерлік-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен әдістері туралы білімдері мен дағдыларын қалыптастыру. Пән инженерлік-геодезиялық жұмыстардың түрлері мен кезеңдерін, заманауи геодезиялық аспаптарды, дәлдігі жоғары түсірілім технологияларын, сондай-ақ өлшеу нәтижелерін өңдеу мен талдауды зерделеуге бағытталған. Білім алушы инженерлік-геодезиялық желілерді іздестіру және құру, бөлу жұмыстары, атқарушылық түсірілімдер, желілік және алаңдық объектілердің құрылысын геодезиялық қамтамасыз ету әдістері туралы Дағдылар мен білім алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Геодезия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Құрылыстарды және техникалық жабдықтарды іздестіру, жобалау, құру және эксплуатациялау кезіндегі инженерлік-геодезиялық жұмыстардың әдістері мен технологиясын, жалпы қағидалары мен теориясын оқу.
Міндет
- Азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың құрылысын геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі бөлу және басқа да жұмыстарының түрлерін орындау, инженерлік-геодезиялық торларды жобалау әдістерін игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын геодезиялық аспаптарын, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Заманауи технологияларды қолданып экономика объектілерін геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі геодезиялық жұмыстардың заманауи әдістерін және тәсілдерін қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Заманауи геодезиялық аспаптармен, геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары.