Жерге орналастырудағы және кадастрдағы геодезиялық жұмыстар

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Апшикур Байтак

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәні студенттердің геодезиялық өлшеулерді орындау, кеңістіктік деректерді өңдеу және талдау, сондай-ақ жерге орналастыру мен жылжымайтын мүлік кадастрын жүргізуде қолданылатын техникалық формулярларды құрастыру бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер заманауи геодезиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді, далалық және камералдық жұмыстарды орындауды үйренеді. Бұл пән жер ресурстарын басқару, кадастр және геоақпараттық жүйелер саласында кәсіби маман болуға ұмтылатын студенттер үшін үлкен мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Жерге орналастыру және кадастр саласында қолданылатын геодезиялық жұмыстардың теориялық және практикалық негіздерін меңгерту;
  • Геодезиялық құралдармен, заманауи өлшеу технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
  • Геодезиялық мәліметтерді өңдеу, карта-схемалар мен техникалық формулярлар әзірлеу қабілетін дамыту;
  • Жер ресурстарын тиімді басқару және кадастрлық жүйелерді жүргізуге қажетті кәсіби білім мен құзыреттілікті нығайту;
  • Геоақпараттық технологияларды қолдану арқылы жерге орналастыру жобаларын орындауға дайындау.
  • Геодезиялық жұмыстардың жерге орналастыру мен кадастр жүйелеріндегі шешуші рөлін көрсету арқылы студентке осы пәннің практикалық құндылығын жеткізу және оны нақты өмірмен байланыстыра отырып, кәсіби болашағына сенімді бағыт сілтеу.
Міндет
  • Геодезиялық өлшеулердің негізгі әдістерін меңгерту және оларды жерге орналастыру мен кадастрлық жұмыстарда қолдануды үйрету;
  • Студенттерге геодезиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді және өлшеу нәтижелерін дұрыс тіркеу мен өңдеу әдістерін үйрету;
  • Геодезиялық деректер негізінде карта-схемалар, жоспарлар және техникалық құжаттама (формулярлар) әзірлеуді үйрету;
  • Геоақпараттық жүйелер (ГАТ/GIS) негізінде кеңістіктік мәліметтермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
  • Жер ресурстарын тиімді пайдалану мен кадастрлық басқаруда геодезиялық жұмыстардың рөлін түсіндіру;
  • Студенттердің инженерлік ойлау қабілетін, дәлдікке, жүйелілікке және талдауға бейімділігін дамыту;
  • Пәннің практикалық маңызын ашу арқылы болашақ маман ретінде өз рөлін ұғынуға ықпал ету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Әртүрлі топографиялық-геодезиялық жұмыстардың мазмұны және құрамы.
  • Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын геодезиялық қамтамасыздандырудың өндірістік әдісі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Білімі:
  • -топографиялық картамен план бойынша графикалық және есептік сипаттағы тапсырмаларды шешу;
  • -жер телімінің ауданын жобалау, нақты жер бетінде жер шекарасын шығару және қалпына келтіруді анықтау және тәсілін таңдау;
  • Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарда межелеу және инвентаризациялауды жүргізу барысындағы топографиялық-геодезиялық жұмыстардың қазіргі заманғы технологияларын пайдалану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпараттарды талдау, негізделген пікір айта білу және жер аудандарын жобалау, нақты жер бетінде жер шекарасын қалпына келтіру, нақтыға көшіру тәсілдері туралы негізделген қортынды жасай алу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - кешенді мәселелерді шешу барысында ұжым мүшесі ретінде және жеке тұлға ретінде жауапкершілікпен құзіреттілікті бөлісумен тиімді жұмыс істей білу;
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функциясын орындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - жерге орналастыру және кадастр мәселелерін геодезиялық аспаптармен құралдардың көмегімен шешу;
  • - жерге орналастыру және кадастр жобасын нақтыға көшіру барысындағы инженерлік-геодезиялық есептеулер.