Ғарыштық суреттер бойынша табиғи ресурстардың мониторингі

Рахымбердина Маржан Есенбековна

Оқытушының портфолиосы

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Студенттерде Жерді қашықтықтан зондтау деректері мен геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, табиғи ресурстардың жай-күйі мен өзгерістерін мониторингтеу саласында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру. Курс климаттың өзгеруі мен табиғи ресурстардың мониторингін жүргізу үшін қажетті геокеңістіктік деректерді жинаудың, өңдеудің және кейіннен талдаудың күрделі механизмдерін зерттеуге бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы спутниктік деректерді пайдалана отырып, табиғи ресурстардың мониторингін жүзеге асыруға, суреттерді автоматтандырылған өңдеуді орындауға, табиғат объектілерінің кеңістіктік-уақыттық өзгерістерін талдауға және Қазақстан Республикасының кәсіптік стандарттары мен экологиялық талаптарына сәйкес тақырыптық карталарды қалыптастыруға қабілетті болады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Аэрокосмостық түсіру әдістері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Болашақ мамандарға: ғарыш түсірілімдерін алудың қазіргі заманғы технологияларын, спутниктердің кеңістіктік бағдарлануын және "QGIS" БҚ-да цифрлық суреттерді өңдеу технологиясын, ғарыш түсірілімдері бойынша табиғи ресурстар мониторингінің технологияларын, спектрозональды ғарыш түсірілімдерінде табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілерді дешифрлеудің әдістемелік тәсілдерін білуді қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.
Міндет
  • - изучить основные типы систем ДЗЗ и характеристик предоставляемых ими данных, - освоить методы и алгоритмы обработки данных ДЗЗ и получить базовые понятия по технологии обработки данных ДЗЗ, - получить необходимые навыки работы в системах автоматизированного картографирования с использованием ГИС технологий и данных ДЗЗ при решении прикладных задач.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын ғарыштық геодезияның техникалық құралдарын, геодезиялық, фотограмметриялық және картографиялық аспаптарын, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу, сонымен қатар карталарды құру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Мониторинг жүргізу мақсатында әртүрлі объектілерді геодезиялық бақылау кезінде түсірістің аэроғарыштық әдістері туралы білімді қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • заманауи фотограмметриялық құралмен, ғарыштық түсіріс мәліметтерін өндеу кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары.