Инженерлік құрылыстарды салу және пайдалану кезіндегі геодезиялық жұмыстар

Бекишев Еркебулан Темирханович

Оқытушының портфолиосы

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Инженерлік құрылыстарды салу, пайдалануға беру және техникалық жай-күйіне мониторинг жүргізу кезеңдерінде студенттерде геодезиялық жұмыстардың толық кешенін орындау бойынша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру. Пән инженерлік құрылыстар құрылысының әртүрлі кезеңдеріндегі инженерлік-геодезиялық жұмыстарды қарастырады: инженерлік-геодезиялық ізденістердің ерекшеліктері, өнеркәсіптік алаңдағы геодезиялық негіздердің әртүрлі түрлері, егжей-тегжейлі бөлу технологиясы, кран астындағы жолдарды орнату және салыстыру бойынша геодезиялық жұмыстар, құрылыстардың технологиялық жабдықтары, көпірлер, туннельдер мен жерасты құрылыстарын салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар. Курс аяқталғаннан кейін студент инженерлік құрылыстарды салу және пайдалану кезінде Геодезиялық жұмыстарды орындай алады, құрылымдық элементтердің кеңістіктік орналасуының дәлдігін қамтамасыз етеді, деформацияларды бақылауды жүзеге асырады және атқарушылық құжаттаманы рәсімдейді.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Қолданбалы геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Курстық жұмыс

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар жөніндегі сұрақтарды өндірістің технологиясына байланыстырып тереңдетіп оқу.
Міндет
  • Ғимараттар мен құрылыстардың жобаларын жер бетіне көшіру, іздестіру, жобалау және құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар түрлерін оқу.
  • Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын оқу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Құрылыстағы жұмыстарды орындау ерекшеліктерін ескере отырып, геодезиялық өндірісін ұйымдастыру формаларын және негізгі принциптерін, жоспарлауды және басқаруды білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Замануи технологияларды және бағдарламалық құралдарды қолданумен құрылыс объектілерін геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі геодезиялық жұмыстардың қазіргі заманға сай әдістерін және тәсілдерін қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Заманауи геодезиялық аспаптармен, геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары.