Елді мекендерді көгалдандыру

Килыбаева Қарлығаш Серигайқызы

Оқытушының портфолиосы

Валитова Наталья Владимировна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Табиғатты оңтайландыру және жасанды ландшафтарды жасау кезінде жасыл кеңістіктер құрамын білу және практикалық тұрғыда бекіту; елді мекендерді ландшафтты-жоспарлау ұйымының принциптері, қаланың немесе ауылдың жалпы ландшафтық жүйесін, оның жеке элементтерін (саябақтар, бақшалар, алаңдар, көшелер, мектептер, ауруханалар, кеңселер және т.б.)

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Орман мелиорация негізіндегі орман екпелері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Көгалдандыру объектілерін жобалау, салу және пайдалану бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар мамандарды даярлау.
Міндет
  • табиғи және жасанды ландшафты құру кезінде жасыл кеңістікті композициялау әдістерін зерттеу;
  • көгалдандыру объектілерін жобалау кезінде құжаттаманы зерделеу;
  • елді мекендерді ландшафтық-жоспарлау принциптерін игеру, қаланы немесе ауылды көгалдандырудың жалпы жүйесін, сондай-ақ оның жекелеген элементтерін (саябақтар, бақтар, скверлер, көше екпелері, мектептер, ауруханалар, кеңселер және т. б.) жобалау;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • көгалдандыру объектілерін табиғи ландшафт компоненттерімен ұтымды үйлестіру ережелерін білу
  • халықтың жас құрылымы мен әлеуметтік құрамын ескере отырып, елді мекендерді көгалдандыру нормаларын және көгалдандыру алаңдарын есептеуді білу.
  • ҚР жағдайында елді мекендерді көгалдандыруда қолданылатын ағаштардың, бұталардың, лианалардың және шөпті-гүлді өсімдіктердің ассортиментін білу;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • әр түрлі көгалдандыру объектілері үшін ағаш және бұта түрлерінің ассортиментін таңдай білу;
  • елді мекендерді ландшафтық-жоспарлы ұйымдастыру қағидаттары негізінде қаланы немесе ауылды көгалдандырудың жалпы жүйесін және оның жекелеген элементтерін (саябақтар, бақтар, скверлер, көше екпелері, мектептер, ауруханалар, офистер және т.б.) жобалау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • объективті баға бере білу, ұғымдардың мазмұнын ашып, пән бойынша өз білімдерін жеткізе білу, сонымен қатар субъективті бағалауды және осы білімге деген көзқарасты білдіру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • ұжыммен қарым-қатынас жасай білу және әрқашан туындаған мәселенің дұрыс шешімін табу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • өз ойларын дұрыс жеткізе білу, ғылыми ақпарат көздерін пайдалану, алған білімдерін іс жүзінде пайдалану, өз бетінше жұмыс істеу.