Жер қойнауын пайдалану негіздері

Кузьмина Оксана Николаевна

Оқытушының портфолиосы

Айтбаева Салтанат Сабидоллаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Міндеттері: Жер қойнауын ұтымды және тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету. Пәннің сипаттамасы: Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланудың заңнамалық негіздерінің негізгі ережелері. Нәтижелер: Ресурстарды басқарудың тиімді стратегияларын әзірлеу және жағымсыз әсерлерді азайту

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Қазақстанның геологиясы және минералдық ресурстары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 45
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • «Жер қойнауын пайдаланудың негіздері» пәнін меңгерудің мақсаты геологиялық мамандықтарды меңгеретін болашақ мамандарға жер қойнауын үнемді пайдаланудың мәселелерін Қазақстан Республикасының заңдары шегінде жеткізу болмақ.
Міндет
  • студенттерді қажетті деңгейде «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы», «Лицензиялау туралы», «Мұнай жайлы» ж.т.б. Қазақстан Республикасының Заңдарымен және де жер қойнауын пайдалану операцияларын реттейтін Үкімет қаулыларымен таныстыру; - жер қойнауын пайдаланудың негізгі принциптерін меңгеру, ведомствалық инструкция-лармен және жер қойнауын пайдаланудың есептемелерімен таныстыру; - алған білімді мамандық бойынша жұмыс істеген кезде практикалық іс-әрекеттерді қолдануға машақаттандыру. - пайдалы қазба байлықтардың барлық түрлерін геологиялық зерттеуде жобалау, жүргізуде туындайтын мәселелерді шешуді үйреніп, білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жер қойнауын пайдалану қатынастарын құқықтық реттеу жүйесін; жер қойнауын пайдаланудың құқықтық қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерді, негізгі құқықтық ұғымдарды; жер қойнауын пайдаланушыларға заңнамамен қойылатын талаптарды білу. Түсіну: жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама негіздерін, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану қатынастарын құқықтық реттеу жүйелерін; жер қойнауы учаскелерін пайдалану құқығын беру, тоқтата тұру, шектеу және мерзімінен бұрын тоқтату қағидасы мен тәртібін.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бұл білімдер жалпы мемлекеттік бағдарламаларды орындау шеңберінде ірі өңірлердің, сондай-ақ тиісті фирмалардың тапсырмасы бойынша жекелеген тау-кен өндіруші кәсіпорындардың минералдық-шикізат базасын кеңейту жөніндегі шаруашылық міндеттерді шешу үшін қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қазақстанда және жақын және алыс шет елдерде салыстырмалы түрде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу сатылары туралы пайымдаулар қалыптастырылуда.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қатынастарды құқықтық реттеу негізінде жер қойнауын пайдалану саласында келіссөздер жүргізуге, байланыстар орнатуға, жанжалдарды реттеуге дайындық.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • статистикалық есептілікті құру, шарттар мен рұқсаттарды, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды алу, жобалық құжаттамаға мемлекеттік сараптамадан өту тәжірибесі болу; негізгі экономикалық және басқарушылық көрсеткіштерді есептеу дағдыларын меңгеру.