Пайдалы қазбалар кенорындарының өндірістік түрлері
Сипаттама: "Пайдалы қазбалар кенорындарының өнеркәсіптік типтері" курсы геологиялық бейіндегі студенттер зерттейтін пәндер циклінің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады, себебі студенттерге халық шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылатын және онсыз қазіргі экономиканың қалыпты жұмыс істеуі мүлдем мүмкін емес әлемдегі пайдалы қазбалар түрлерінің барлық түрлілігі туралы толық түсінік береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Геология ПҚК
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | тест |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пайдалы қазба кенорындарының (ПҚК) геологиясы мен өнеркәсіптік типтерін меңгеру. Жалпы сипаттамалары, геологиялық құрылысының ерекшеліктері, генезисы, қалыптасу жағдайлары, жасы, кенді денелердің морфологиясы қарастырылады.
Міндет
- - Қазақстан Республикасының минералдық шикізат қорының қазіргі жағдайларымен, болашақта дамуымен студенттерді таныстыру; - студенттерді пайдалы казба кенорындарының өнеркәсіптік жіктемелерімен таныстыру; - студенттерді кенорындардың геологиялық құрылымы, кен денелерінің морфологияларымен таныстыру; - кендердің минералдық және химиялық құрамдарын зерттей отырып, олардың өнеркәсіпте пайдаланыумен танысу; - өнеркәсіптің пайдалы казбалар кенорындарына қоятын негізгі талаптарын қарастыру; - студенттерді пайдалы казбалар кенорындарының өнеркәсіптік типтері үлгілерімен таныстыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - Қазақстан Республикасының минералдық шикізат қорының қазіргі жағдайларымен, болашақта дамуын оқып білу; - ПҚК жаралу әдістерін оқып үйрену; - Металл, бейметалл және жанғыш қазба кенорындарының өнеркәсіптік типтерін оқып білу; - Минералдық шикізаттардың технологиялық ерекшеліктері, сапасы және өнеркәсіптік талаптары туралы мәліметтерді оқып білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Студенттерді пайдалы казбалар кенорындарының өнеркәсіптік типтері үлгілерімен танысу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Пайдалы казба кенорындарының өнеркәсіптік типтер туралы білімді геологиялық түсіру, іздеу, барлау және гидрогеологиялық жұмыстарды жүргузу барысында минералдардың, кендердің жаратылу жағдайлары, болжау-іздеу маңыздылығы, құндылығы, зерттеуде заманауй әдістерді қолдану туралы негізделген пікірлерді ұсыну және айта алу геологтарға қажет
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Болжау минералогиялық, геологиялық мәселелерді шешу үшін негізгі мағлуматтарды, әдістерді игеру. Әр түрлі, жан-жақты аумақтардың геологиясының ақпаратымен жұмыс істей алу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Заманауй техника мен технологияны қолдануға, жетілдіруге икемді болу Студенттер теориялық білімді өндірістік іс-тәжірибеде, дипломдық жоба жазу кезінде қолдана алады