Қорларды есептеудің заманауи әдістері
Сипаттама: Қорларды заманауи есептеу әдістерінің мақсаты — цифрлық технологиялар мен геостатистикалық тәсілдерді қолдана отырып пайдалы қазбалардың қорын дәл сандық бағалау. Әдістерге кен денелерін үлгілеу, ГАЖ және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану, сондай-ақ вариограмма мен интерполяция әдістері (кригин, кері арақашықтық және т.б.) кіреді. Нәтижесінде мемлекеттік сараптама және халықаралық стандарттар талаптарына сай келетін негізделген, қайталанатын және біріздендірілген қор есептемелері алынады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Математика 2
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттерді кен денелерін контурлаудың негізгі принциптерімен, қорларды есептеу параметрлерін анықтау мәселелерімен, сондай-ақ қорларды есептеу әдістерімен таныстыру.
Міндет
- Заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып, қорларды есептеудің дәстүрлі әдістерін игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пайдалы қазбалар қорларын есептеудің негізгі принциптері мен міндеттерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қорларды есептеу нәтижелерін түсіндіре білу; пайдалы қазбалар қорларын есептеу үшін заманауи есептеу әдістерін қолдану; пайдалы қазбалар қорларын есептеудің дәстүрлі әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Кәсіби қызметтің міндеттерін шешу үшін заманауи есептеу әдістерін, сондай-ақ компьютерлік технологияларды өз бетінше пайдалану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін мамандандырылған кәсіби теориялық білім мен практикалық дағдыларды қолдану дағдыларына ие болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Пайдалы қазбалар қорларын есептеу әдістерімен барлау міндеттерін шешу үшін пайдалы қазбалар геологиясы саласындағы білім мен дағдыларды ұдайы жетілдіру.