Құрылымдық геология және геокарталау
Сипаттама: Құрылымдық геология және геокарталаудың мақсаты — тау жыныстарының кеңістіктегі орналасуын, деформациялану сипаттарын және геологиялық құрылымдарын зерттеу. Құрылымдық геология қатпарлар, жарылымдар, қабаттардың бағыты мен еңісін зерттеу арқылы тектоникалық процестердің әсерін түсіндіреді, ал геокарталау осы деректерді картаға түсіріп, олардың кеңістіктік таралуын көрсетеді. Нәтижесінде пайдалы қазбалармен генетикалық байланысы бар құрылымдық элементтер анықталып, іздеу мен барлауға бағытталған геологиялық жұмыстарды жоспарлауға негіз болады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Жалпы және тарихи геология
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студент: 1) геологиялық картадағы әр түрлі тау жыныстардың шартты белгілері білу керек (шөгінді, магмалық және метаморфтық); 2) геологиялық қиманы және стратиграфиялық бағананы құрастыру білу керек; 3) геологиялық картада тау жыныстардың құрылымдық элементтерің белгілеуді білу керек; 4)геологиялық карталарда керек құрылымдық элементтерін айыру білу керек.
Міндет
- Құрылымдық геология, оның ішінде, элементерлы геологиялық құрылымдарды құрастыру туралы ұғым алу. Және де геологиялық картамен жұмыс істеу білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Студент келесіні білу керек – қаттардың стратиграфиялық бөлінуі негізгі мәліметтерді, қабаттардың тік және еңкейлі жатысы туралы ұғымдарды, қатпарлар мен бұзылыстар туралы. Геологиялық карталады оқу білу, қабаттардың жатыс элементтерің анықтай білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Геологиялық гидрогеохимиялық және геохимиялық карталармен қималарды құру білу және түсіру нәтижелерін интерпретациялау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жер бетінің небір учаскесінің әр түрлі түзілімдерді құрылымдық талдау өз бетімен талдау жасау білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Геологиялық құрылымдарды зерттеуде негізгі әдістерді қолдана білу және тапсырыстарды шешу үшін ғылыми мәліметтерді қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Бар болған және жаңа технологияларды (мамандырылған компьютерленген бағдарламаларды) еңгізу білу.