Тау жыныстарын жарылыспен бұзу

Акылбаева Асель Темирбаевна

Оқытушының портфолиосы

Абдрашева Замира Жомартовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәннің мақсаты студенттердің тау жыныстарының жарылғыш ыдырау процестері туралы теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Пән жарылғыш заттардың қасиеттерін, зарядтардың параметрлерін, жарылыс техникасын және олардың өндірудің тиімділігі мен қауіпсіздігіне әсерін зерттейді.Студент тау-кен геологиялық жағдайлары мен еңбекті қорғау талаптарын ескере отырып, жарылыс жұмыстарын есептеу және жоспарлау дағдыларын меңгереді.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Тау жыныстары физикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәннің алға койған мақсаты білікті мамандарды және жарылыс ісі аймағында тау инженерлерін дайындау. Пәннің есептері - студенттерге техникалық құралдар және әртүрлі жару әдістері туралы білім беру, және оларды нақты тау-геологиялық және табиғи-климаттық шарттарында қолдана білу.
Міндет
  • Пәннің негізгі бағыты студенттердің тәжірибелік іс-әрекетінде теориялық білімді сауатты қолдану. Пәннің бағыты – студенттер әртүрлі технологиялық процесстерде бұгі-жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін тиімді, қауіпсіз әдістерді таңдап алуды білуі керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Негізгі ұғымдар және арнайы терминологиясы. Бұрғы-жарылыс іс дамуының қысқа тарихы. Тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттері және оларды бұзу әдістері
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Шпурлар мен ұңғымаларды перфораторлармен, пневмоұғыштармен бұрғылау. Ұңғымаларды термиялық бұрғылау. Ұңғымаларды шарқашаулармен бұрғылау. Жаңа бұрғы әдістер. Бұрғы машинасы жұмысындағы қауіпсіздік техникасын білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жарылыс жұмыстарын өздігінен жобалау; Шпурлар мен ұңғымаларды бұрғылау, жерасты кеніштерінде және карьерде жару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жарушы ретінде тиімді жұмыс атқару, тау жыныстарын бұзудың негізгі әдістері жайлы білімі болу, бұрғылау-жару жұмыстары саласындағы міндеттерді кәсіби деңгейде шеше білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Бұрғылау-жару жұмыстарының қазіргі заманғы әдістерін енгізу және қолданыстағы әдістерін жетілдіру, техника мен технологияның дамуын тез қабылдай білу, тау жыныстарын бұзу саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану.