Тау-кен өндірісінің негіздері

Құрманғалиев Айдос Ерланұлы

Оқытушының портфолиосы

Берікболұлы Арман

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерді тау-кен өндірісінде қолданылатын негізгі ұғымдармен, процестермен және технологиялармен таныстырады.Курста тау-кен жұмыстарының негізгі түрлері, кен орындарын игеру әдістері, тау-кен машиналары және өндірісті ұйымдастыру қарастырылады.Курсты аяқтағаннан кейін студент тау-кен циклінің құрылымы мен кезеңдері, сондай-ақ қолданылатын жабдықтар мен технологиялар туралы жалпы түсінік алады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Тау жыныстары физикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Межелік бақылау (тест)

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Білім алушыларды пайдалы қазбалар кенорындарын жерасты, ашық, геотехнологиялық және бсқа әдістермен игеру, сонымен қатар пайдалы қазбаларды байыту бойынша негізгі қажетті білімге оқыту
Міндет
  • Студенттердің тау-кен өндірісі терминологиясы бойынша бастапқы білім базасын, жер қойнауын игеру кезінде адам қызметінің саласын қалыптастыратын ұғымдар кешенін, өндірілетін пайдалы қазбаның сапасы және оны жақсарту жолдары туралы түсініктерді меңгеруі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Әртүрлі типтегі қазбалардағы бекітпеге түсетін тау қысымын анықтауға көзқарасы және әдістемелік принциптердің мақсаты мен міндеттері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Тау-кен сызбаларындағы шартты белгілерді оқи алу; Әртүрлі бекітпелерді есептеу алу;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Технологиялық тапсырмаларды шешуге әдістемелік принциптерді және көзқарасын айта алу, ақпараттарды жинау, талдау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұйымдастыру-басқару жұмыстарын орындау, өндірістік-технологиялық шешімдерді қабылдау, есептеу-жобалау, экспериментальді-зерттеу жұмыстарын орындау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қазақстанның тау-құрылыс, тау-кен өндіру кәсіпорындарын білу, тау жұмыстарын жүргізу технологиясын білу, тау жұмыстарын механикаландыру құралдарын білу, тау-кен графикалық құжатын оқи алу