Тау жыныстары және процестерінің физикасы

Акылбаева Асель Темирбаевна

Оқытушының портфолиосы

Абдрашева Замира Жомартовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Тау жыныстары мен процесстерінің физикасы-бұл тау жыныстарындағы физикалық-техникалық қасиеттері мен физикалық процестері, тау-кен өндірісінің әртүрлі технологиялық міндеттерін шешу кезінде қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары мен пайдалану принциптері туралы ғылым. Курс жыныстардың негізгі физика-техникалық параметрлерін, олардың жыныстардың құрамы мен құрылымына тәуелділігін, сыртқы физикалық өрістердің әсер етуі кезіндегі өзгергіштігін, оларды эксперименталды анықтау әдістерін қамтиды.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Қорытынды бақылау (экзамен)

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Тау жыныстарының қасиеттерін, процесстерін және олардың өзгеру заңдылығын, тау-кен өндірісінің әртүрлі технологиялық шешімдерің талқылау кезінде оларды қолдану принциптерін қолдануды меңгеру.
Міндет
  • Тау жыныстары мен массивтердің физикалық қасиеттері, тау жыныстары массивтеріндегі физикалық құбылыстар мен процестер туралы білім беру; оларды анықтау әдістері, тау-кен жұмыстарын жүргізу технологиясына әсер ететін тау жыныстарының физикалық-техникалық параметрлерін зерделеу, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу; тау жыныстары мен тау жыныстары массивтерінің қасиеттерін анықтау, алынған эксперименталды мәліметтерді өңдеу дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • студенттер білу және түсіну қажет: тау жыныстары физикасының негізгі түсініктері және анықтамалары, тау жыныстарының физикалық қасиеттері, физикалық өрістердің тау жыныстарының қасиеттеріне әсері, тау жыныстары массивіндегі физикалық процестер, тау жыныстарының базалық физика-техникалық параметрлері, оларды анықтау әдістемелері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • студенттің білім мен түсініктерді қолдануы: тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін зерттеуде, тау жыныстары мен массивінің қасиеттері мен жағдайларын бағыттап өзгертуде, тау жыныстарынң физика-механикалық параметрлерін тау-кен өндірісінің негізгі процесстерін есептеуде қолдана білуі қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Сынақтардан қортынды жасау білу және сол қортындыларды қолдану білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • тау-кен өндірісінің есептерін шешу үшін және өндіру процесінің технологиялық регламентін, олардың мәнін білу негізінде, іске асыру үшін ғылыми, инженерлік және ұйымдастырушылық потенциалы болуы қажет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • тау жыныстарының қасиеттерін зерттеудің жаңа әдістемелерін меңгеру қабілеті, технологиялық есептерді тау жыныстарының физика-мехникалық параметрлерінің әсерлерін ескеріп шешудің аясын кеңейту қабілеті, пәнаралық көзқарасты интегралдау қабілеті/