Гидро күштік қондырғылар
Сипаттама: СЭС және ГАЭС су жолының жұмысы, олардың желідегі жұмысы туралы жалпы мәліметтер береді. Су қоймаларында орналасқан қысымға байланысты турбиналардың әртүрлі түрлерін жобалау және модельдеу әдістерімен таныстырады. Спиральды камералардың, бұру құбырларының және төменгі бъефпен жалғану әдістерінің конструкциялық ерекшеліктері егжей-тегжейлі зерттеледі. Шағын ГЭС жобалау үшін қажетті қосалқы сипаттамаларды есептеу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Физика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты – су ресурстарын су күші қондырғылары арқылы электірлік энергияны өндіру үшін пайдалану және керісінше электр энергияны пайдаланып су ресурстарын тұтынушыларға берудегі кәсіптік білімді қалыптастыру. Осы пәнді оқу үрдісінде білімгерлер су күшті қондырғылардың негізгі схемаларын, гидротурбиналармен сорғыштардың кострукцияларын білу, су күшті қондырғылардың ағыс жолдарында өтетін технологиялық үрдісін түсініп, гидромашиналардың түрімен, маркасын таңдауды білу, олардың негізгі параметрлерін есептеудің және су қуаты қондырғылардың жеке элементтерін жобалап құрастыруды үйрену керек
Міндет
- Білімі: су күшті қондырғылардың негізгі конструктивтік схемаларын және құрылымдарын, гидромашиналардың түрлерін және маркаларын .
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Өзен ағысы, өзен, көл, батпақтың су режимін қалыптастыру заңдылығы туралы меңгеру. Өзен бассейндерінің су теңгерімі, ағысты реттеу әдістері, негізгі гидрологиялық сипаттамасын есептеу әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Су шаруашылығы және гидротехникалық нысандары, кешенді гидро түйіндері, сорғыш бекеттерін жобалау және пайдалану бойынша дағдыларын меңгеру; олардың экономикалық тиімділігі мен экологиялық қауыпсіздігін бағалау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, су шаруашылығы саласындағы жабалау мен зерттеу қызметтері үшін дайын болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Су шаруашылығы саласындағы өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-басқару, жобалау және зерттеу қызметтері үшін дайындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Саладағы кәсіпорын өнімдеріндегі өзіндік құны мен бағаның құрылуы туралы түсінігін алу, олардың экономикалық маңызы, қағидасы және өндірістің әртүрлі жағдайында оларды анықтау әдістері мен су шаруашылығы қызметін іске асыру.