Гидравлика және арна гидравликасы

Мамырбекова Гульназ Кабиболлакызы

Оқытушының портфолиосы

Еремеева Юлия Николаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән жалпы және арналық гидравликаның негізгі ұғымдарымен және анықтамаларымен таныстырады. Гидростатиканың негізгі теңдеулерін және тыныштықтағы сұйықтық тепе-теңдігінің дифференциалды теңдеулерін оқиды. Сұйықтықтардың ағу режимін, сұйықтық ағынындағы гидравликалық кедергілерді, құбырларды гидравликалық есептеу әдістемесін, саңылаулардан, саптамалар мен су ағындарынан сұйықтықтың ағуын, құбырлардағы гидравликалық соққыны, гидравликалық ырғыма құбылысын қарайды. Арналық гидравлика бөлімі мыналарды қамтиды: арнаның көлденең қимасының элементтері. Арнадағы ағынның біркелкі қозғалысына заңдар туралы түсінік береді. Ағынның біркелкі емес қозғалысының пайда болу жағдайлары қарастырылады. Арнада орналасқан құрылыстарды гидравликалық есептеу дағдыларын қалыптастырады.

Кредиттер саны: 10

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 60
СӨЖ 150
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • студенттердің жалпы және арналық гидравлика саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды алуы және су шаруашылығы, гидротехника, сумен жабдықтау саласындағы практикалық міндеттерді шешу әдістерін меңгеру.
Міндет
  • - сұйықтықтардың тепе-теңдігі мен қозғалысының негізгі заңдарын зерделеу; - гидравликалық жүйелер теориясының негіздері бойынша білім беру; - гидротехникалық жүйелерді жобалау негіздеріне оқыту; - гидрологиялық және инженерлік міндеттерді шешу үшін гидравликалық есептеулердің негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Су шаруашылығы саласындағы техникалық есептерді шешу үшін гидравликаның математикалық, физикалық және негізгі заңдылықтарын, ақпаратты өңдеудің математикалық әдістерін пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Су шаруашылығы саласындағы техникалық міндеттерді шешу үшін гидрваликаның негізгі заңдылықтарын, гидрологиялық ақпаратты өңдеу әдістерін пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Сұйықтықтарда, арналарда, гидротехникалық құрылыстарда болатын маңызды физикалық және техникалық құбылыстар мен процестер туралы пікір айту білігін қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Сөйлесу-диалогты кез келген тілде жүргізу, сөйлеу этикетінің ережелерін пайдалану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Гидравлика және арналық гидравлика, құрылыстардың гидравликасы саласында жаңа білім алуға үнемі ұмтылу