Жер асты суларын іздеу және пайдалану
Сипаттама: Пән елді мекендерді, өндірісті және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етудегі жер асты суларының рөлі туралы түсінік береді. Жер асты суларының пайда болуы, жіктелуі, физикалық және химиялық қасиеттері, жер асты горизонттарына су ағынының өзгеруін режимдік бақылау туралы білімді қалыптастырады. Сулы қабатты таңдау принциптерімен, су ұңғымаларын бұрғылау әдісімен таныстырады. Жер асты су көздерінен су алу ғимараттарын жобалау бойынша конструктивтік шешімдер мен есептеу әдістемесін зертте
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Гидравлика және арна гидравликасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Су алу ғимараттарының конструкцияларымен және оларды есептеу әдістемесімен танысу. Жер асты суларынан су алуға байланысты инженерлік мәселелерді шешу.
Міндет
- Студенттердің жер асты су көздерінен су алу мәселелерін шешуге байланысты практикалық дағдыларды игеруі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жер асты су көздерінен су алу ғимаратарын жобалау қағидаларын, су алу ұңғымаларын бұрғылаудың негізгі түрлерін, санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыруды білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жер асты су көздерінің кен орындарынан су алу ғимараттарын жобалау, бұрғылау жабдықтарын таңдау бойынша дағдыларға ие болу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Білім алушы кейіннен су жинау ғимараттарын бұрғылау түрін таңдай отырып, геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларды талдай білуі тиіс.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Сумен қамту саласындағы өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, жобалық қызметке дайын болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жер асты су көздерінен су алу ғимараттарын жобалау кезінде жаңа жетістіктерді (жабдықтарды) қолдану. Су алу ғимараттарының негізгі элементтерін есептей және жұмыс сызбаларын жасай білу.