Гидрология және ағысты реттеу

Еремеева Юлия Николаевна

Оқытушының портфолиосы

Анапьянова Самал Багдатовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Өзен ағынының пайда болу факторлары мен заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Өзендер, көлдер, батпақтар, жер асты сулары гидрологиясының бөлімдерін зерттейді. Ағынды реттеу саласындағы негізгі терминдер мен анықтамалармен таныстырады. Ағынды реттеудің түрлері мен тәсілдерін, су қоймаларының мақсаты мен жіктелуін және олардың ағынды реттеудегі рөлін қарастырады. Су шаруашылығын есептеу әдістерін зерттейді. Су қоймаларын маусымдық, көпжылдық реттеуді есептеумен таныстырады. Су қоймаларын қауіпсіз пайдалану мәселелері зерделенуде. Су тасқынына қарсы күрес те тәртіпті зерделеу аспектісі болып табылады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Гидравлика және арна гидравликасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты –студенттерге өзен ағынының факторы және түзілу заңдылықтары; өзен және көл режимдері; суағарлар мен суаттардың негізгі гидрологиялық сипаттамаларын өлшеу мен анықтаудың әдістері мен техникалық құралдары тураплы қажетті білім беру
Міндет
  • Студенттерді гидромелиоративтік жүйелермен гидроқұрылымдарды жобалау мен пайдаануда теориялық негіздері мен инженерлік тәсілдерді пайдалануға, қабылданған нәтижелерді талдау мен бағалауға үйрету болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өзен ағысы, өзен, көл, батпақтың су режимін қалыптастыру заңдылығы туралы меңгеру. Өзен бассейндерінің су теңгерімі, ағысты реттеу әдістері, негізгі гидрологиялық сипаттамасын есептеу әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Су шаруашылығы саласындағы жобалау және зерттеу қызметтері, ұйымдастыру-басқару, өндірістік-технологиялық қызметтері үшін дайын болу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, су шаруашылығы саласындағы жабалау мен зерттеу қызметтері үшін дайын болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Су шаруашылығы саласындағы өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-басқару, жобалау және зерттеу қызметтері үшін дайындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Саладағы кәсіпорын өнімдеріндегі өзіндік құны мен бағаның құрылуы туралы түсінігін алу, олардың экономикалық маңызы, қағидасы және өндірістің әртүрлі жағдайында оларды анықтау әдістері мен су шаруашылығы қызметін іске асыру.