Материалдар кедергiсi және құрылыс механикасы

Байзакова Гульмира Абылгазиновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән сыртқы жүктеме әрекетінің әртүрлі жағдайларында конструкция элементтерінің кернеулі-деформацияланған жай-күйінің ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған; конструкциялар мен құрылыстардың элементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеудің негізгі әдістері мен қағидаттары; кернеулі-деформацияланған жай-күйдің үлгілік түрлері үшін конструкция элементтерінің беріктігіне, қаттылығына және орнықтылығына есептеулер; берілген жүктемелердің іс-қимылы кезінде конструкция элементтерінің кернеулі-деформацияланған жай-күйінің түрлері оқытуға бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика 1

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы» пәнін оқыту мақсаты – студенттерге денелер инерттілігін және әсер етуші күштерді есепке алмай олардың қозғалысының геометриялық қасиеттері туралы, денелер инерттілігін және әсер етуші күштерді есепке ала отырып материалдық денелердің қозғалу заңдылықтарын анықтау туралы, сыртқы күштер әсеріндегі серпімді денелердің деформациясын зерттеу және конструкция элементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеу туралы теориялық білім беру.
Міндет
  • Пәнді оқыту міндеті ғимараттар мен конструкция элементтерін жобалағанда пайда болатын практикалық есептерді шешу үшін теориялық білімді қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ғимараттар элементтерін беріктікке, қаттылыққа есептеудің негізгі әдістері мен принциптерін, сонымен бірге инженерлік конструкцияларды тиімді жобалау ұсыныстарын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - Берілген дененің (немесе нүктенің) қозғалыс заңдылықтарын біле отырып, дененің жалпы қозғалысын, сондай-ақ оның әр нүктесінің жеке қозғалысын сипаттайтын барлық кинематикалық өлшемдерді анықтау (траектория, жылдамдық, үдеу және т.б.). - Қолданбалы есептерді шешу үшін негізгі заңдар мен теоремаларды қолдану. -Деформацияның қарапайым түрлерінде (статикалық берілген жүйелерде созылу-сығылу, бұралу), күрделі деформацияларда (көлденең иілу, орталықтан тыс қысу), оның ішінде заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, конструкция элементтерінің беріктігін, қаттылығын және тұрақтылығын есептей білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әр студент өз мамандығы бойынша қалыптасқан пікірге ие болуы керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кез - келген тілде сөйлесу-диалог жүргізу, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Нақты өндірістік жағдайда технологиялар мен бұйымдар мен конструкциялар материалдарының қасиеттерін оңтайландыру бағыттарын таңдау қағидаттарын қалыптастыру.
Оқыту әдістері

- Интерактивті дәріс (оқутыдың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу, модерация, слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық; - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг №1 Есептік-графикалық жұмыс - Күрделі кедергі. Қиғаш иілу. 0-100
№2 Есептік-графикалық жұмыс - Күрделі кедіргі. Центрден тыс сығылу мен созылу
Аралық тест 1
2  рейтинг №3 Есептік-графикалық жұмыс - Жазық статикалық анықталған рамаларды есептеу. 0-100
№4 Расчетно-графическая работа - Расчет многопролетной балки
Аралық тест 2
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Тәжірибелік сабақтарда жұмысы Қажетті әрекеттер тізбегін сақтай отырып, практикалық жұмысты толық көлемде орындады; жауапта барлық жазбаларды, кестелерді, суреттерді, сызбаларды, графиктерді, есептеулерді дұрыс және дәл толтырады; қателерді талдауды дұрыс орындайды. «5» бағасына қойылатын талаптарды орындады, бірақ 2-3 кемшілік болды. Студенттің сұрақтарға жауабы 5 жауап беруге қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ білімді жаңа жағдайда қолданбай, бұрын оқылған материалмен және басқа пәндерді оқуда меңгерген материалмен байланысын қолданбай беріледі. Жұмысты толық емес, бірақ дұрыс нәтижелер мен қорытындылар алуға мүмкіндік беретін практикалық жұмыс көлемінің 50% кем емес орындады; жұмыс барысында қателіктер жіберілді. Жұмыс толық аяқталмады немесе жұмыстың аяқталған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарлама талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді.
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Статикалық анықталмаған жүйелердегі созылу мен сығылу
  • Бұралу
  • Күрделі кедергі
  • Күрделі кедергі
  • Статикалық анықталған рамаларды есептеу
  • Пәннің негізгі түсініктері және анықтамалары
  • Ғимараттарды кинематикалық талдау
  • Геометриялық өзгермейтін жүйелерді құрастыру белгілері
  • Көп аралықты статикалық анықталған арқалықтар
  • Негізгі, ілінбелі және көмекші арқалықтарды анықтау
  • Сыртқы күштердің жұмысы
  • Серпімді деформациялардың потенциялдық энергиясы
  • Орын ауыстыруды анықтаудың жалпы әдістері
  • Мор интегралы
  • Орын ауыстыруды анықтаудың жалпы әдістері
Негізгі әдебиет
  • 1 Дүзелбаев С.Т. Инженерлік механика: Жоғары кәсіптік «Сәулет» және «Құрылыс» саласындағы мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы, 2013.- 576б. 2 С. Жүнісбеков - Материалдар кедергісі: оқулық. – Алматы, Бастау, 2015. - 364 б. 3 Дүзелбаев С.Т. Инженерлік механика 1: Жоғары кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар: «Кереку», 2012. 4 М. Немербаев – Материалдар кедергісі: оқулық. – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -272б. 5 Дүзелбаев С.Т. Материалдар кедергісі II: есептер шығаруға арналған оқу құралы. – Алматы, Бастау баспасы, 2014. – 420б.. 6 З.Н. Родионова, Қ.Ж. Кангалакова – Инженерлік механика ІІІ, дәрістер конспектісі, Өскемен қ., ШҚМТУ –2016, 44б.
Қосымша әдебиеттер
  • 7 М. Үркімбаев, С. Жүнісбеков - Материалдар кедергісі теорияларының негіздері: оқулық. – Алматы, Білім, 1994. - 224 б. 8 Дарков А.В., Клейн Г.К. Строительная механика. – М.; Высшая школа, 1976г. 9 Снитко Н.К., Строительная механика. – М.; Высшая школа, 1972г. 10 Киселев В.А. Строительная механика. Специальный курс. – М.; Издательство литературы по строительству, 1969г. 11 Ізденіс. Поиск. Серия естественных и технических наук: научный журнал, Алматы