Құрылыс өнімі қауіпсіздікке және экологиялық тазалыққа сертификаттау
Сипаттама: Білім алушыларда қауіпсіздік және экологиялық талаптар тұрғысынан құрылыс өнімдерін сертификаттаудың нормативтік-құқықтық негіздері мен рәсімдері туралы білім қалыптастыру, сондай-ақ өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалаудың практикалық дағдыларын дамыту. Пән құрылыс материалдары мен бұйымдарын сертификаттаудың негізгі аспектілерін, соның ішінде құқықтық негіздерді, экологиялық және санитарлық-гигиеналық талаптарды, сынақ әдістерін және сәйкестікті растауды қамтиды. Ұлттық және халықаралық стандарттар, сертификаттау рәсімдері, сертификаттау органдары, сондай-ақ Өнімді таңбалау ерекшеліктері қарастырылады. Өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдеріндегі экологиялық тазалығы мен қауіпсіздігін бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Нәтижесінде білім алушылар құрылыс өнімін сертификаттаудың нормативтік талаптары мен рәсімдерін меңгереді, оның қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығын бағалауды, сондай-ақ белгіленген стандарттарға сәйкестігін растау әдістерін қолдануды үйренеді.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Стандарттау және сертификаттау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 45 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 45 |
| СӨЖ | 120 |
| курстық жұмыс | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқу нәтижесінде білім алушыларда Қазақстан Республикасында құрылыс өнімдерінің сәйкестігін растаудың негізгі қағидаттары мен ережелері, сертификаттауды қолдану салалары, құрылыс өнімдерінің сәйкестігін растау схемалары мен жүйелері, құрылыс өнімдерінің сәйкестігін растауды жүргізу ережелері мен тәртібі, құрылыс өнімдерінің қауіпсіздік талаптары бойынша білім қалыптастырылуы тиіс.
Міндет
- қажетті құзыреттіліктерді алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білім алушылар білуі қажет: - стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау мен жүргізуде компьютерлік технологияларды қолдана білуі, практикада стандарттарды қолдану ережелерін, стандарттарға өзгерістер енгізу және оларды жоюды, стандарттау бойынша ақпараттар базасын қолдана білуі қажет; - стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен жұмыс істеу, әрекеттегі стандарттарды қайта қарау, стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды жүйелік тексеруді жүзеге асыру, стандарттау облысында отандық және шетелдік тәжірибиелерді жүйелендіру және үйрену дағдыларарын білуі қажет;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Дағдылар: - стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен жұмыс істеу, әрекеттегі стандарттарды қайта қарау, стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды жүйелік тексеруді жүзеге асыру, стандарттау облысында отандық және шетелдік тәжірибиелерді жүйелендіру және үйрену дағдыларын білуі қажет
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ойлау мәдениетін игеру, ақпарттарды қабылдау, жалпылау және талдау қабілеттілігі, мақсатты қоя білу және оған жету жолдарын білу; ақпараттарды қабылдау, сақтау және өңдеу құралдар мен әдістерін, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Өз кәсіби қызметінің әсерін бағалау кезінде, әлеуметтік маңызды жобаларды өңдеу және жүзеге асыру кезінде құқықтық және әдеп номаларының терең білімін қолдану. Ғылыми ұжымда жұмыс дағдыларын жариялау, жаңа идеяларды туындату, өз ойын ұжым ойымен ұштастыра білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Негізгі құзыреттіліктер болып табылады: - құрылыс өнімдерінің сәйкестігін растауды ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері; - сертификаттау облысында терминологияны және нормативті, нормативті-техникалық құжаттарды; сертификаттау облысында ұлттық және халықаралық стандарттарды қолдану; сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды жүргізуде өнімдер мен үрдістердің сапасын бақылау әдістерін қолдану қабілеттілігі; - стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен жұмыс істеу, әрекеттегі стандарттарды қайта қарау дағдыларын білу қабілеттілігі.