Үймереттер мен ғимараттардың сейсмикаға төзімділігі
Сипаттама: Пән жер сілкінісіне төзімді құрылыс негіздерін зерделеуге және студенттерде сейсмикалық жүктемелердің ғимараттар мен құрылыстарға әсері туралы базалық білімді қалыптастыруға бағытталған. Сейсмикалық әсерлердің параметрлері, есептеу әдістерінің даму тарихы, сондай-ақ оларды анықтаудың нормативтік және сандық тәсілдері қарастырылады. Объектілердің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді таңдау қағидаттары зерделенеді. Құрылымдарды сейсмикалық қорғау және сейсмикалық оқшаулау мәселелері, сондай-ақ сейсмикалық әсерге есептелмеген қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды нығайтудың заманауи әдістері қамтылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Металл конструкциялары
- Ағаштан және пластмастан құрылымдар
- Құрылыс өндірісінің технологиясы
- Темір-бетон және тас құрылымдары
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Инженерлік сейсмология тұрғысынан аумақтардың сейсмикалық қауіптілігіне баға беру, сеймикалық қауіпсіз ғимараттар мен үймереттердің көлемді-жоспарлау және конструктивті шешімдерін таңдау.
Міндет
- Табиғи және инженерлік-геологиялық факторларды, ғимараттың және үймереттің динамикалық сипатын және оның оған әсер етуін, сейсмоқауіпсіздікті қамтамасыз ететін инженерлік шешімдердің таңдауын зерттеу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Сеймикалық қауіпсіз ғимараттар мен үймереттердің көлемді-жоспарлау және конструктивті шешімдерін іздеу үшін инженерлік сейсмология принциптері мен сейсмикалық әсерлердің ерекшеліктерін пайдалану білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қиратқыш жерсілкінісі кезінде құрылыс обьектілерінің сейсмоқорғау тәсілдерін таңдай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қиратқыш жерсілкінісінен кейінгі қайта қалпына келтіру шығындарымен салыстырғандағы ғимараттардың сейсмокүшейту жүйелерін жобалаудың технико-экономикалық тиімділіктерін көрсете білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жерсілкінісі қарқындылығын бағалау және Қазақстан Республикасындағы сейсмоқауіпті аудандардағы ғимараттар мен үймереттерді жобалау бойынша нормативті-техникалық құжаттарды пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Ғимараттарды сейсмикалық қорғаудың жаңа әдістерін енгізу, жеңіл құрылыс конструкцияларын пайдалану, сеймикалық қауіпсіздікті қамтамасых ететін инновациялық қорғауға қабілетті конструктивті шешімдерді даярлау қабілеті.