Құрылыс құрылымдарын коррозиядан қорғау

Жаирбаева Гульназ Аскаровна

Оқытушының портфолиосы

Айтказина Аяжан Калелхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән агрессивті өнеркәсіптік орталардың әсерінен құрылыс конструкцияларының коррозияға төзімділігі мәселелерін зерттеуге бағытталған. Студенттер зиянды заттардың құрамы бойынша қоршаған ортаның агрессивтілік дәрежесін анықтау әдістерін меңгереді, сондай-ақ құрылымдық элементтердің коррозиялық шығындарын бағалайды. Құрылыс материалдары мен конструкцияларын коррозиядан қорғаудың бастапқы және қайталама тәсілдері, сондай-ақ олардың көтергіштігін есептеу кезінде коррозиялық процестерді есепке алу тәртібі қарастырылады. Коррозиялық зақымдану қаупін азайтуға және ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін арттыруға бағытталған оңтайлы құрылымдық және көлемдік жоспарлау шешімдерін таңдау зерттеледі.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Металл конструкциялары
  • Ағаштан және пластмастан құрылымдар
  • Темір-бетон және тас құрылымдары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Құрылыс конструкцияларын тоттанудан қорғаудың заманауи тәсілдерімен, элементтер мен түйіндердің оңтайлы құрастыруын тексеру есептерінде тоттанып тозуды ескеру ережелерімен таныстыру.
Міндет
  • Тоттанудан өндірістік ғимараттар мен үймереттердің құрылыс конструкцияларын қорғаудың жалпы принциптерін оқу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Орталарды құрылыс конструкцияларына әсер ету деңгейіне және физикалық күйіне байланысты жіктей білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Ортаның түрі мен агрессияшылдығына қарай конструктивті шешімдерді және ең берік құрылыс материалдарын таңдай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Нақты агрессияшыл ортаға бейімделген тоттануға берік материалдарды таңдауды негіздеп үйрену және тоттанып тозуды есепке алмайтын конструктивті шешімдерді әзірлеу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Тоттанудан қорғауды жобалау кезінде нормативті*техникалық құжаттамаларды қолдана білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Инновациялық конструктивті шешімдерді жобалауда тоттанудан қорғаудың жаңа әдістері мен тәсілдерін енгізу қабілеті