Құрылыстағы заманауи машиналар мен жабдықтар
Сипаттама: Пән студенттердің ғимараттар мен үймереттерді салудың әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын заманауи құрылыс машиналары, механизмдері мен жабдықтары туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Отандық және шетелдік құрылыс машиналарын жіктеу принциптері, конструктивтік ерекшеліктері, техникалық сипаттамалары, қолдану саласы және пайдалану тиімділігі, сондай-ақ, құрылыс процесінің технологиясына, құрылыс жағдайларына, өнімділікке, үнемділікке, қауіпсіздікке және экологиялық тазалыққа қойылатын талаптарға байланысты ұтымды механизмдерді таңдау қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 1
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан ауызша |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Құрылыс объектілерін салу кезінде бакалаврлардың одан әрі өндірістік қызметі үшін кәсіби білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
- 1.Заманауи машиналар мен жабдықтарды зерттеу. 2.Машиналардың негізгі техникалық сипаттамаларын зерттеу және олардың өнімділігін анықтау. 3.Кез-келген құрылыс процестерін орындау үшін тиімді құрылыс машиналары мен жабдықтарын өз бетінше таңдауды үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Қазіргі заманғы машиналар мен жабдықтардың техникалық сипаттамаларын таңдау мен анықтаудың түсінігі мен маңыздылығын көрсету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Құрылыс процестерін жүргізу үшін ең тиімді машиналар мен жабдықтарды өз бетінше таңдау мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Құрылыс машиналарының өнімділігін анықтау мәселелерінде инженерлік қызметтің техникалық аспектілері туралы білімдерін көрсету.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істей білу, Заманауи құрылыс машиналары мен жабдықтарын таңдау дағдыларын көрсету.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Құрылысшылар арасында коммуникацияларды жүзеге асыру, құрылыс машиналарының өнімділігі мен техникалық сипаттамаларын анықтау мәселелері бойынша қолданыстағы техникалық құжаттаманы талдау және дербес әзірлеу, салалық ғылыми ұйымдардағы өз қызметінің нәтижелерін нақты баяндау және қорғау, алыс оқу кезінде өз білімдерін жетілдіру.