Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сипаттама: Пәнді енгізу және әзірлеу Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асырумен байланысты, онда жоғары білім беру жүйесіндегі басты басымдықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу арқылы білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен санасын, сыбайлас жемқорлық көріністері мен құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілікті" дарытуға бағытталған азаматтық бірегейлікті және әлеуметтік-құқықтық дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. Пән студент жастардың білім беру мәдениеті мен санасын, Академиялық адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Құқық негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | ауызша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Жалпы білімдік пәндер
Мақсат
- -сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін қалыптастыру және осы негізде осы құбылысқа қатысты азаматтық ұстанымды -қалыптастыру; - университет қызметінің барлық бағыттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты енгізу.ШҚТУ-дың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын табысты іске асыру
Міндет
- - сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы жан-жақты білім беру; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ықпал ететін жеке тұлғаның құқықтық мәдениетін дамыту; - сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша білім, білік және дағдымен қаруландыру; - сыбайлас жемқорлық құбылыстарына сыни тұрғыдан талдау жасау қабілетін дамыту; ШҚТУ сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік құбылыс және құқық бұзушылық ретінде көрінуіне және қалыптасуына орын жоқ деген "Тұтастық территориясы" моральдық-адамгершілік әлеуметтік ортаны құру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- 1. білуі керек: - сыбайлас жемқорлықтың мәнін және оның пайда болу себептерін; - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін моральдық-құқықтық жауапкершілік шаралары; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы заңнама
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- адамгершілік-құқықтық мәдениет деңгейін көтеру бойынша жұмыс жүргізу; - сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың рухани-адамгершілік тетіктерін пайдалану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- адамгершілік сана құндылықтарын жүзеге асыру және күнделікті тәжірибеде адамгершілік нормаларын сақтау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру; - мүдделер қақтығысы жағдайында әрекет ету
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- -еларалық және ұлттық әдістемелерді пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейін өлшеу; - мүдделер қақтығысы жағдайларын және моральдық таңдауды талдау