Нұсқалық жобалау
Сипаттама: Пән ғимараттардың жобалық шешімдерін техникалық-экономикалық бағалаудың жалпы принциптерін зерттеуге бағытталған. Көлемдік-жоспарлау және конструктивті шешімдердің нұсқаларын олардың тиімділігі мен үнемділігі тұрғысынан салыстырмалы талдау. Оңтайлы жобалық шешімді таңдауға әсер ететін факторлар қарастырылады: құрылыстың технологиялық режимдері, ғимараттың сәулеттік экспрессивтілігі, қолданыстағы қала құрылысы ортасына үйлесімді қосылу және ресурстарды ұтымды пайдалану. Курс студенттердің техникалық және экономикалық тиімділігін кешенді бағалауды ескере отырып, негізделген жобалық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Тұргын жан қогамдық ғимараттардың сәулеті
- Құрылыс өндірісінің технологиясы
- Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың сәулеті
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Бұл пәнді оқытудың басты мақсаты болашақ бакалаврларды құрылыс құрылымдарын жобалаудың варианттылық әдісімен таныстыру: варианттардың үйлесімділік шарты, бағалау критериі, анықтау әдісі, және технико-экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру заңдылықтарын,сондай-ақ құрылымдарды үйлестіру мен өлшемдерін оңтайластыру сұрақтарын қарастырады.
Міндет
- Жобалық решімдерінің технико-экономикалық көрсеткіштерінің негіздеу, тиімді материалдардан жаңа прогрессивті құрылымдарды пайдаланудың рационалды аймақтарын анықтау. Жобалық жобалауды жетілдіру және технико-экономикалық көрсеткіштерін жобалаудың бастапқы сатысында анықтау,статистикалық және анықтамалық материалдарды жинақтау,нұсқаның көптілігінде және нұсқада бастапқы мәліметтер көп болғанда есептеуде ЭЕМ қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Құрылыстағы технологиялық процестер және нысандарды жобалау кезінде матиматикалық әдісті анализдері және бір қалыпқа келтіру эксперименттерінің негізгі ережелерін және автоматты жобалау әдісін дұрыс қолдану.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Ұсынылған әдіс бойынша экспериментті дұрыс пайдалану аталган эксперименттерді физика-математикалық қасиеті бойынша стандартты сынау және материалдың және дайын болған бұйымға технологиялық көрсеткішін пайдалану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жобалық шешімдердің технико-экономикалық көрсеткішті дұрыс пайдалану, өндіріс телімін қайта ұйымдастыру немесе ұйымдастыру есебін кайта орындау, жұмысшылар тобының және еңбек ақы төлеу қорының жұмысын жоспарлау, технологиялық жабдықтарды пайдаланудың прогрессивті әдістерін қолдану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Құрылыс құрылымдарының элементтері мен түйіндерін есептеуде стандартты әдістерді қолдана білу, жобалау-құрастыру жұмыстарын атқару, жобалық және технологиялық іс-қағаздарды стандартка, техникалық талаптарға және басқада нормативті құжаттарға сай дайындау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Отандық және шет елдің тәжірибесіне негізделген ғылыми-техникалық ақпаратты жүйелі пайдаланып, зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін қолдана отырып, инновациялық жоба жұмысына қатысуға қабілеті болу, патентті зерттеу жұмыстарын жүргізу.