Жол құрылысының өндірістік кәсіпорындары
Сипаттама: Пән жол-құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіруді қоса алғанда, жол құрылысының өндірістік базасын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласында білім алушылардың құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды және жөндеуді қамтамасыз ететін кәсіпорындардың мақсаты, жіктелуі, Өндірістік функциялары мен орналастыру ерекшеліктері зерттеледі. Құрылыс объектілерінен қашықтықты, табиғи-климаттық жағдайларды және көліктік қолжетімділікті ескере отырып, өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру мәселелері қаралады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Топырақ механикасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | естихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Жол құрылысының өндірістік кәсіпорындары» пәнінің негізгі максаты жолды салу және пайдалану кезіндегі қажетті жол-құрылыс материалдарын дайындайтын өндірістік кәсіпорындары жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру шараларын дамыту тәсілдері мен принциптерін жеткізу. Пәннің негізгі бөлімі болып автомобиль жолын салуға және пайдалануда қажетті жол-құрылыс материалдарын зерттеу және оларды дайындау туралы деректерді беру саналынады. Пәнді оқыту кезінде студент жол-құрылыс материалдарын дайындайтын өндірістік кәсіпорындар жұмыстарын теориялық жағынан түсініп, оны практикада қолдана білу.
Міндет
- Пәнді оқу міндеттері: жол саласының жекелеген өндірістік базасының технологиялық және техникалық шешімдерін әзірлеу бойынша есептеулерде теориялық негіздерді қолдана білу; жол шаруашылығы өндірістік кәсіпорындарының инновациялық әлеуетін бағалау; жол саласында шығарылатын өнімнің сапасын бақылау және басқару дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Енгізілетін жаңа жабдықты игеру, жол құрылысы кәсіпорындарының қолданыстағы технологиялық жабдықтарының техникалық жай-күйі мен қалдық ресурстарын тексеру қабілеті.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Теориядан алынған материалдар алу әдістері мен тәсілдерін тәжірибеде қолдана білу қабілеттілігі, өзінің білетін жақтары мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білу, сынақтар жүргізуді және сынақтар нәтижелерін өңдей білу, қолданылатын жол-құрылыс материалдарының физико-механикалық қасиеттерін анықтау тәсілдерін білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізе білу, жол құрылысының өндірістік кәсіпорындарының жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру-жоспарлы есептерді орындай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- жол құрылысы өндірістік кәсіпоындарында материалдар дайындаудың дәстүрлі тәсілдерін қолдануды, жұмыстарға жобалық және техникалық құжаттар толтыруды білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Отандық және шетелдік тәжірибелерге, ғылыми техникалық ақпараттарға негізделген тәсілдерді қолдана отыра инновациялық жобаларға қатысу қабілеттілігінің болуы