Топырақ механикасы

Раимбекова Ардак

Оқытушының портфолиосы

Бакирбаева Анар Акылбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс барысында топырақтың беріктігі, тұрақтылығы және деформациясы, сондай-ақ тірек және қоршау құрылымдарына топырақ қысымын есептеу әдістері қарастырылады. Әр түрлі топырақ түрлерінің инженерлік-геологиялық сипаттамалары, олардың жіктелуі және физика-механикалық қасиеттері қарастырылады. Пән білім алушыларда құрылыстарды жобалау және салу кезінде нақты Құрылыс және инженерлік шешімдер жағдайында топырақ негіздерінің жұмысын талдау үшін қажетті базалық білімді қалыптастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика 2
  • Инженерлік геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің негізгі мақсаты инженерлі геология төңірегіндегі инженерлі – құрылыс жұмыстарын теориялық және практикалық негізін білу, топырақ механикасының негізі, топырақтың ыдырау теориясы, іргетас құрылысы және жерасты құрылысы.
Міндет
  • Пәннің тапсырмасы практикалық сұрақтардың шешілуін геологиялық жағдайда талдау жасау болып табылады және ғимаратты құрылыс негізін таңдау және негізгі материалдар құрамы топырақ механикасын шешу және іргетас құрылысы.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Заманауи қоғамы дамуындағы техникалық ақпараттың мәні мен бардығы ұғымын көрсету, ақпаратты қайта өндеу, сақтау, алу негізгі құралдары, тәсілдері мен әдістерін игеру; коммуникативтік есептерді шешуде заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалану.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Тапсырылған тәсілдері бойынша нәтижелерді өндеу және талдау эксперименттерін жасай білу, қолданатын материалдары мен дайын заттарының технологиялық көрсеткіштері мен физикалық-механикалық сипаттамаларын анықтауда стандартты зерттеулері тәсілдерін пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Заманауи өндірістегі жол саласының автомобиль жолдарын жобалау, салу және пайдаланудағы маңызды мамандықтар сипаттамасына қойылатын талаптары.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Құрылыс құрылғылары түйіндері мен элементтері есептерінің стандарттық тәсілдерін пайдалана білу, автоматтандырылған жоба құралдарын пайдаланып та стандарттарға,техникалық жағдайлары мен басқа мөлшерлемелік құжаттарға сәйкес жобалау және технологиялық құжаттарды өндеу және жобалау-құрылғылау жұмыстарын орындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Негізгі ғылыми-техникалық проблемалардың жай-күйі, кәсіптік оқытуды дамытудың перспективалары мен өзара байланысы, сондай-ақ кәсіби қызметтің аралас салалары туралы түсінікке ие болу. Кәсіби ортада және жалпы қоғамда, оның ішінде шет тілінде коммуникацияларды жүзеге асыру; қолданыстағы техникалық құжаттаманы талдау және дербес әзірлеу; құрылыс-монтаж кешені кәсіпорындарында және салалық ғылыми ұйымдарда кешенді инженерлік қызметтің нәтижелерін нақты баяндау және қорғау.