Автобиль жолдарын жаңғырту
Сипаттама: Пән студенттерде автомобиль жолдарын қайта құру бойынша жұмыстарды негіздеу, жобалау және ұйымдастыру үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Қайта құрудың орындылығының техникалық-экономикалық негіздемесінің принциптері зерделенеді, қозғалыс қарқындылығының өсу себептері мен салдары және көлік құралдарынан түсетін жүктемелердің артуы талданады. Автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін бағалау әдістері, табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, ұтымды жобалық және конструктивтік шешімдерді айқындау тәсілдері қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Топырақ механикасы
- Автожолдарын пайдалану
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты – студенттердің ерекше жағдайларда жолды пайдалану және автомобиль жолдарындағы қозғалысты ұйымдастыру саласында кәсіби даярлығын қалыптастыру, сонымен қатар жолды, жеке учаскелерді экономикалық пайдалану нәтижесінде қайта құруды тереңірек түсіну ЖӘНЕ зерттеу.
Міндет
- 1 автомобиль жолдарын пайдалану және қайта құру ерекшеліктерін оқу; 2 жолдарды пайдалану және қайта құру кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 3 жолдың қимасын, жоспарын және бойлық профилін жақсарту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ерекше жағдайларда жолдарды қайта жаңарту кезінде мақсаттарды тұжырымдау және проблемаларды шешу, оларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- пәнді оқу нәтижесінде алынған теориялық білімдерін кәсіби қызметте бейімдеу; өндірістік жағдайларда ұйымдық және басқарушылық шешімдерді табу қабілеті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін жасау, өндіріс орындарын құру немесе қайта құру үшін ұйымдастырушылық және жоспарлы есептерді орындау, қызметкерлер мен жалақы қорларын жоспарлау, технологиялық жабдықтардың прогрессивті әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- опта жұмыс жасау үшін қажетті коммуникативті қабілеттілікті қалыптастыру; ғылымның, техниканың және технологияның инновациялық жетістіктерінің бағытын таңдау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Автомобиль жолдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша бастапқы деректерді анықтау үшін зерттеу жүргізеді; автомобиль жолдарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін білу; бұралмалы телімдерді түзету, қисықтар радиустарын ұлғайту, вираж жасау, үйінді кеңейту.