Техникалық термодинамика негіздері

Естаулетова Айнур Ержановна

Оқытушының портфолиосы

Байдилдина Айжан Толеубековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерде жылу энергетика саласындағы инженерлік мәселелерді талдау және шешу үшін техникалық термодинамика бойынша іргелі білімді қалыптастырады. Курс денелердің физикалық қасиеттерін, термодинамиканың заңдары мен сипаттамаларын, термодинамикалық процестерді, фазалық ауысуларды, газ қоспаларын, сондай-ақ күрделі жүйелердің термодинамикалық тепе-теңдігін есептеу әдістері мен шарттарын қарастырады. Студенттер математикалық талдау әдістерін меңгереді, құрылғылардағы процестердің физикалық мәнін анықтауға, жылу энергетикасында жаңа технологиялық шешімдер жасау үшін теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдануға үйренеді.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Физика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • техникалық термодинамика бойынша студенттердің теориялық және практикалық білімдер жүйесін қалыптастыру, термодинамикалық процестерді талдау, есептеу және зерттеу әдістерін қолдану арқылы жылу энергетикасы саласындағы инженерлік міндеттерді шешу және тиімді технологиялық шешімдерді әзірлеу білігін қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Техникалық термодинамика заңдарын, энергияны түрлендіру және тарату заңдарына негізделген жылу процестерін сипаттау ұғымдарын, әдіснамасын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Термодинамикалық жүйелердің, жылу қозғалтқыштарының циклдерінің сипаттамаларын есептеу бойынша Техникалық термодинамика мәселелерін шеше білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Энергиянын сақталу және түрлену тұғысынан термодинамикалық есептерді шеше білу, жылу циклдарының ПӘК бағалау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Командада термодинамикалық талдау негізінде күрделі есептерді шеше білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Термодинамикалық заңдылықтар негізінде жаңа білімді игеруге және мамандықтың бейіндік пәндерін түсінуге дайын болу