Энергиямен қамтамасыз ету

Нургалиева Асель Тлеубековна

Оқытушының портфолиосы

Дуйсембаева Гульнур Сеитхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерде жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау және пайдалану үшін білім мен дағдыларды қалыптастырады. Пән объектілерді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету, соның ішінде жылыту, желдету, кондиционерлеу, сондай-ақ энергия тиімділігін ескере отырып, энергетикалық жүйелерді құру және оңтайландыру мәселелерін қамтиды. Нәтижесінде студенттер негізгі және мамандандырылған Білім мен заманауи әдістерді қолдана отырып, кешенді зерттеулер жүргізе алады, энергия жүктемелерін есептей алады, энергиямен жабдықтау жүйелерінің тиімділігін жобалай және бағалай алады

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Жылу техникасының теориялық негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерде өнеркәсіптік, тұрғын үй және инфрақұрылымдық нысандардың энергиямен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттарын түсіну, оларды жобалау, пайдалану және оңтайландыру үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануымен байланысты инженерлік міндеттерді шешуге дайындықты қамтамасыз ету.
Міндет
  • Студенттердің энергиямен жабдықтау жүйелерін талдау, жобалау, пайдалану және басқару негіздері мен әдістерін меңгеруін қамтамасыз ету, сондай-ақ алынған білімді өнеркәсіптік, тұрғын үй және инфрақұрылымдық нысандардың сенімді әрі тиімді энергиямен жабдықталуын қамтамасыз етуге байланысты инженерлік мәселелерді шешуде қолдану қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өлшеулер мен байқаулар жүргізу, және шолулар, баяндамалар мен ғылыми мақалалардың жасау үшін деректер дайындау, ғылыми-зерттеу сипаттамаларын құру. Энергия үнемдеу саласындағы құқықтық және нормативтік базаны , энергия үнемдейтін технологиялардың түрлерін және жылу мен электр энергиясын өндіру, бөлу және пайдалану жабдықтардын энергия тиімділігін арттыру әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Энергия үнемдейтін технологияларды енгізу үшін стандартты рәсімдер туралы есептеулерді орындау және нәтижелерін талдау мүмкіндігіне ие болу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Экологиялық қауіпсіздікті өндірісте сақтау, өндірісте энерго-ресурс қорғау іс-шараларына және экоқорғау шараларын іске асыру жобаларына қатысу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жұмыс орнын техникалық қамтамассыз ету, технологиялық өндіріске, техникалық қауіпсіздік нормаларымен және өндірістік санитарияға сәйкес технологиялық құрылғыларды орналастыру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Өндірістік аудандарда технологияық үдерістерді менеджмент сапасына сайкес құжаттарды дайындау және экологиялық, энергетикалық қауіпсіздікті қадағалау, өндірісте знерго және ресурс қорғау шараларын жобалап , іске асыру. Жылуэнергеткалық қондырғылардың нормативтик және нақты көрсеткіштеріне талдау және есеп жүргізу