Жылу энергетикалық жүйелері және энергияны пайдалану, энергияны үнемдеу
Сипаттама: Пән студенттердің жылу энергетикалық жүйелерінің құрылымы, жіктелуі және жұмыс істеу принциптері, сондай-ақ жылу энергиясын түрлендірудің, берудің және пайдаланудың тиімді әдістері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Курсты оқу барысында студенттер энергетикалық талдау әдістерін меңгереді, жылу және экономикалық есептеулерді орындайды, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру және жылу шығындарын азайту жолдарын анықтауға және негіздеуге үйренеді. Нәтижесінде студенттер пайдалану көрсеткіштерін бағалау дағдыларын алады, энергия үнемдеу талаптары мен орнықты даму қағидаттарын ескере отырып, жабдықтар мен технологияларды таңдау кезінде негізделген пайымдаулар қалыптастырады.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Кәсіпорындар үшін баламалы және жаңартылатын энергия көздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 45 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 45 |
| СӨЖ | 120 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Курстың мақсаты студенттерде өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылумен жабдықтау жүйелерінің жалпы принциптерін, құрылымы мен жұмыс істеуін, жылу-технологиялық өндірісте энергияны пайдалану міндеттерін қою мен шешуді, сондай-ақ технологиялық энергия тасымалдағыштарды өндіру мен бөлу, жылу-технологиялық қондырғылардың жұмыс істеу принциптері мен конструкциялары туралы білімді қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ студенттердің өнеркәсіптік жылу энергетикасы мен жылу техникасындағы энергия үнемдеу негіздерін, сондай-ақ оны өндіру, беру және тұтыну кезінде энергияны пайдалану тиімділігін кешенді техникалық-экономикалық талдау әдістемесін зерттеу.
Міндет
- Курсты оқу нәтижесінде, студенттнр өнеркәсіптік және жылу энергетикасы нысандарының түсіну бар негізгі энергетикалық жүйесі және жылу технологияларды үйрену керек; үнемдеу негіздері және өнеркәсіп, оның даму болашағын білу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Өнеркәсіптік масштабта жылу және электр энергиясын алу тәсілдері туралы; жылу және электр энергиясын өндіру құрылымындағы ЖЭС рөлі туралы; өнеркәсіптік кәсіпорынның жылу энергетикалық жүйесін құру принциптері мен құрылымы туралы; ЖЭС құру мақсаттары мен міндеттері туралы. Энергия үнемдеу саласындағы заңнамалық және нормативтік базаны, энергия үнемдеу технологияларының түрлерін және жылу және электр энергиясын өндіру, бөлу және пайдалану кезінде жабдықтардың энергия тиімділігін арттыру әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жылу энергетикалық және жылу технологиялық объектілердің негізгі сорттарын, сондай-ақ оларда болып жатқан жылу процестерін ажырата білу. Энергия үнемдеу технологияларын енгізу бойынша үлгілік әдістемелер бойынша есептеулер жүргізе білу және жұмыс нәтижелерін талдай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ғылым туралы пікір қалыптастыру жылу-энергетикалық жүйелер және энергияны пайдалану. Жылу энергетикалық объектілер туралы түсінік және пайымдау. Өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті сақтау, өндіріс кезінде энергия және ресурс үнемдеу жөніндегі іс - шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жұмыс орнын техникалық қамтамассыз ету, технологиялық өндіріске, техникалық қауіпсіздік нормаларымен және өндірістік санитарияға сәйкес технологиялық құрылғыларды орналастыру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Өндірістік аудандарда технологияық үдерістерді менеджмент сапасына сайкес құжаттарды дайындау және экологиялық, энергетикалық қауіпсіздікті қадағалау, өндірісте знерго және ресурс қорғау шараларын жобалап , іске асыру. Жылуэнергеткалық қондырғылардың нормативтик және нақты көрсеткіштеріне талдау және есеп жүргізу