Электр қауіпсіздігі
Сипаттама: Кәсіптік қызмет саласындағы үлгілік міндеттерді шешу кезінде білім алушыда электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары туралы білім жүйесін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында білім алушылар Қазақстан Республикасындағы электр қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік актілер, электр тогының адам ағзасына әсері, электр жарақаттарының ықтимал нұсқалары, олардың пайда болу себептері, электр тогының соғуынан қорғаудың техникалық және ұйымдастырушылық әдістері мен тәсілдері туралы мәліметтер алады. Қауіпсіздік қағидаларына сәйкес электр энергиясын қауіпсіз өндіруді, бөлуді және беруді бақылауды жүргізу әдістерін қолдану, сондай-ақ электр энергетикалық және электр техникалық жабдықтардың тиімді пайдаланылуын және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Электр машиналары
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Кәсіптік қызмет саласындағы үлгілік міндеттерді шешу кезінде білім алушыда электр қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы білім жүйесін қалыптастыру
Міндет
- Теория жүзінде алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдылану; нормативтік, анықтамалық әдебиеттермен, құжаттармен жұмыс жасауға үйрену; электр қауіпсіздігі бойынша ең аз дегенде жұмыс істеуге рұқсат ететін екінші топ жұмысшыларына қажетті білімге ие болу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- электрдік токпен зақымдануға әсер ететін факторлар
- Қысқа тұйықталу режимінің физикалық негізін, электрлік тораптар бейтараптамаларының жұмыс режимдерін білу;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Электр қондырғыларды эксплуатациялау кезінде қауіпсіздік техникалық ережелерін, қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық шараларды білу.
- Электр қондырғыларының жұмыстық және апаттық режимдерін білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өндірісте экологиялық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ экологияны қорғау шаралары мен энергия мен ресурстарды үнемдеу шараларын дайындауға және оларды жүзеге асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- практикалық есептерді орындай білу: қадам кернеуін, жанасу кернеуін, жерлестіру, нөлге қосу құрылғысын анықтау; -жай тартқыш құрылғы бойынша; әртүрлі жағдайларда адам бойымен токтың өту шарты бойынша және олардың қауіптілік дәрежесін анықтау бойынша есеп жүргізе білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Электрлік ток әсеріне қалған адамды токтан босату, бірінші медициналық көмек көрсете білу, электрлік токпен зақымданудың қауіптілігін бағалай білу, электр қондырғыларында жұмыс істеу кезінде және күнделікті өмірде қауіпсіздікті сақтай білу қабілетіне ие болу