Электрлік материалтану және жоғары кернеу техникасы

Сарсенова Айжан Аскербеккызы

Оқытушының портфолиосы

Кунапьянова Арай Асылхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәнді оқытудың мақсаты студенттерде электротехникалық материалдардың қасиеттері және жоғары вольтты жабдықтың жұмыс принциптері туралы терең білім қалыптастыру болып табылады. Курс өткізгіштердің, диэлектриктердің, жартылай өткізгіштердің және магниттік материалдардың сипаттамаларын, оларды сынау және диагностикалау әдістерін, сондай-ақ жоғары кернеулердегі электр жүйелеріндегі сенімділік, оқшаулау және бұзылу мәселелерін қарастырады. Оқыту нәтижелері бойынша студенттер электрлік параметрлерді өлшеу құралдарына метрологиялық тексеру және техникалық қызмет көрсетуді жүргізе алады, электротехникалық жүйелердің жұмыс істеу сапасын бақылауды жүзеге асыра алады, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткіштерді арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жоғары кернеулі электротехникалық материалдар мен техниканы талдай және жаңғырта алады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Электромагнетизм

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Электртехникалық материалтану және жоғары кернеулер техникасы» пәнінің мақсаты студенттердің материалтану және жоғары кернеу қондырғыларындағы асқын кернеу саласында теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Электр қондырғыларында қолданылатын материалдардың сипаттамалары мен қасиеттері бойынша білім алу. Аталмыш пәнді оқып үйрену барысында студенттерге оқшауламаның беріктігі мен асқын кернеу деңгейлерін бағалай білуді үйрету.
Міндет
  • Курстың міндеттері қазіргі заманғы электротехникалық материалдардың қасиеттерін, құрылымы мен жіктелуін және олардың негізгі сипаттамаларының электромагниттік өріс, жылу, ылғалдылық, химиялық орта және басқа да пайдалану факторларының әсерінен болатын процестермен байланысын зерттеу;
  • Жоғары кернеудегі электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде туындайтын сыртқы және ішкі асқын кернеулер, жоғары кернеулі оқшаулама құрылымын сынау құралы және әдістері мәселелері аумағында білім алу;
  • Жоғары кернеу техникасының оқшауламаларына диагностика жүргізу әдістерін меңгеру; Қосалқы станцияны найзағайдан қорғауды қамтамасыз етуді, ішкі асқын кернеуді есептеу әдістерін және олардан қорғану амалдарын игеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пәнді оқып үйренгеннен кейін студент элетр техникасында ары қарай қолданыс табатын материалдардың құрылымдары мен қасиеттерін анықтауды; негізгі терминологиялар, түсініктер мен анықтамаларды білу тиіс; заманауи электр техникалық материалдардың қасиеттері мен қолданыс аймағын білуді игеруі тиіс. Энергожүйенің сенімділігі дұрыс таңдау жасалған электр техникалық материалға тікелей қатысы бар екендігін түсінуі тиіс; ішкі және сыртқы асқын кернеулердің пайда болуын теориялық тұрғыдан білу; электр қондырғыларын асқын кернеулерден қорғау шараларын игеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқып үйренгеннен кейін студент дененің элетр техникасында ары қарай қолданыс табатын материалдардың құрылымдары мен қасиеттерін заманауи электр техникалық қондырғыларда қолдана білу; пәнді оқу нәтижесінде студенттер оқшауламаға әсер ететін найзағай мен ішкі асқын кернеулердің мәнін білуі, қарапайым оқшаулама конструкцияларының электрлік беріктігін бағалай білуі, электр жабдықтарын оқшаулама сынақтарын жүргізудің нормалары мен әдістерін білуі, оны пайдалану кезінде оқшаулама сипаттамаларының нашарлауына әкелетін процестер туралы қажетті мәліметтерді, сондай-ақ асқын кернеуден қорғау шараларын меңгеруі тиіс.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студент "Электротехникалық материалтану және жоғары кернеу техникасы" пәнін оқығаннан кейін материалдардың түрін таңдау кезінде туындаған сұрақтарға дербес жауап бере алады және осы материалды пайдалану кезінде туындаған мәселелерді шеше алады
  • Асқын кернеудің шектеу әдістері мен құралдарын білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Алғырлық, ұйымшылдық, қоғаммен жұмыс істей білу қабілеттілігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пәнді оқып-үйренгеннен кейін студент өз бетінше жоспар бойынша берілген тапсырмаларды, жеке тапсырмаларды орындай алады. Мақал жазуға дағдыланады.