Жергілікті жүйелердің релелік қорғанысы

Асылжанова Айгерім Бақытқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттердің жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне негізделген жергілікті жүйелерді релелік қорғау принциптерін түсіну, олардың ерекшеліктерін талдау және қорғаныс құрылғыларын жобалау мен пайдалану үшін білімді қолдану қабілетін қалыптастырады. Курс жергілікті ЖЭК жүйелеріндегі релелік қорғау мен автоматиканың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын, оның ішінде жұмыс істеу принциптерін, қорғаныс құрылғыларын жобалауды, белгілеулерді есептеуді, монтаждау мен баптауды, сондай-ақ техникалық-экологиялық аспектілерді есепке алуды қамтиды. Студент ЖЭК негізінде жергілікті жүйелердің релелік қорғанысын жобалауға және конфигурациялауға, олардың жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып, тиісті қуат жабдықтары мен басқару схемаларын таңдауға, сондай-ақ жобалау және пайдалану процесінде техникалық-экологиялық мәселелерді шешуге қабілетті болады.

Кредиттер саны: 8

Пререквизиты:

  • Жарықтандыру электр қоңдырғыларын жобалау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 45
СӨЖ 120
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • жергілікті электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау мен автоматтандыруды ұйымдастыру және техникалық іске асыру принциптері туралы білімді қалыптастыру
Міндет
  • жеке элементтерді де, тұтастай алғанда жүйелерді да қорғауды орындаудың негізгі принциптерін меңгеру, сондай-ақ релелік қорғаныс жүйелерін есептеу бойынша негізгі ережелерді білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Релелік қорғаныстың негізгі принциптерін, жергілікті жүйелердің жеке элементтерін қорғау үшін оларды пайдалану ерекшеліктерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жергілікті жүйелер үшін релелік қорғанысты есептей және жобалай білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Релелік қорғаныс жүйелерін бағдарламалау дағдыларын және техникалық және экологиялық мәселелерді жүйелі шешу қажеттілігін түсіну
Негізгі әдебиет
  • 1. Правила устройств электроустановок.-2012 2. Федосеев А.М. Релейная защита электрических систем. - М.: Энергия, 2011. – 520 с. 3. Федосеев А.М. Основы релейной защиты. - М.: Госэнергоиздат, 2001 – 423 с. 4. Авербух А.М.. Релейная защита в задачах с решениями и примерами.- 2008– 400 с. 5. Руководящие указания по релейной защите.- М.:1967. – 36 с. 6. Шабад М.А. . Расчеты релейной защиты. -М.: Энергия, 2001. – 243 с. 7. Беркович М.А., Семенов В.А. Основы техники и эксплуатации релейной защиты. - М.: Энергия, 2002 – 305 с.