Электротехниканың теориялық негіздері II

Сарсенова Айжан Аскербеккызы

Оқытушының портфолиосы

Кунапьянова Арай Асылхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәнді оқудың мақсаты студенттерде өтпелі режимдердегі электр тізбектерін талдаудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ төрт полюсті және магниттік тізбектердің қасиеттерін зерттеу. Курс әртүрлі әсерлердегі электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді, дифференциалдық теңдеулерді және Лаплас түрлендірулерін қолдана отырып есептеу әдістерін қарастырады. Төрт полюстің параметрлері мен сипаттамалары, магниттік тізбектердегі негізгі ұғымдар мен есептеулер де зерттеледі. Пәнді оқу қорытындысы бойынша студенттер электр тізбектеріндегі электромагниттік және өтпелі процестерді талдай алады. Олар төрт полюсті және магниттік тізбектермен жұмыс істеу дағдыларын игереді, бұл оларға энергетика саласындағы жоғары математика заңдарын қолдана отырып инженерлік есептерді шешуге мүмкіндік береді

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Электромагнетизм

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Электр және магнит тізбектеріндегі, сонымен қатар магнит өрісіндегі өтпелі және тұрақталған үрдістерді саны және сапасы жағынан оқып үйрену пәннің негізгі мақсаты болып табылады.
Міндет
  • ЭТН II курсының мақсаты мамандыққа тікелей қатысы бар пәндерді оқып үйрену кезінде магнит өрісі, элетр тізбектеріндегі тұрақталған және өтпелі үрдісті сандық және сапалық жағынан қарастыру бағытында кездесетін сұрақтарға дайындау пәннің негізгі міндеті болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студенттер білуі тиіс: - сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі және тұрақталған үрдістерді есептеу тәсілдерін; - тізбектердің негізгі теңдеулері мен сипаттамаларын; - сызықты емес және магнитті тізбектерді сараптау тәсілдерін; - электр магнитті өрістер сипаттайтын негізгі қатынастарды
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Электр қондырғыларын және аппараттарын қосу, оларды басқару, қауіпсіз жұмыс жасау; -тәжірибелік жұмыс; алған білімдерін электр техникасында қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Техникалық бақылаудың әдістері мен құралдары, бақылау және сапаны бақылау әдістері. техникалық есептеулер мен зерттеулер жүргізудің әдістері, нәтижелерді өңдеу тиімділігі. электр заңдары және электрлік және магниттік тізбектерді талдау әдістері.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • алғырлық, ұйымшылдық, қоғаммен жұмыс істей білу қабілеттілігі, зеректілік.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пәнді оқу соңында студенттер одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдылардың көлемін алып, практикалық дағдыларға ие болуы керек.