Электротехниканың теориялық негіздері I
Сипаттама: Курс студенттердің тұрақты және айнымалы ток электр тізбектерінің заңдылықтары мен принциптері туралы негізгі білімдерін дамытуға бағытталған. Курс электр тізбектері, жүйенің негізгі элементтері, Ом және Кирхгоф заңдары, сызықтық электр тізбектерін талдау әдістері сияқты негізгі тақырыптарды қамтиды. Инженерлік қызметке қажетті электр тізбектерін есептеу мен модельдеудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылады. Курсты меңгеру нәтижесінде студент күрделілігі әртүрлі электр тізбектерін талдап, әртүрлі есептеу әдістерін қолдана алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Электромагнетизм
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 15 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты – есептеу әдістемесін білетін білікті маманды теориялық және практикалық тұрғыдан дайындау. Осы білімді электротехникадағы электр тізбектеріне негізделген практикалық есептерді шешуге қолдана білу, арнайы пәндерді оқуға негіз қалыптастыру
Міндет
- Тұрақты ток тізбектері, бір фазалы синусоидалы ток, үш фазалы электр тізбектері үшін негізгі теңдеулер мен есептеу әдістері бойынша білім алу. Электр тізбектерін жинаудың практикалық және токтың, кернеудің, қуаттың шамасын эксперименттік анықтау дағдылары.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент: - сызықты электр тізбектерінде тұрақты токты есептеу әдістерін қолдана отырып инженерлік есептерді шешу туралы; - синусоидалы ток тізбектерінде инженерлік есептерді шешу туралы; - үш фазалы тізбектерде әртүрлі режимдерді есептеу әдістерін қолдана отырып инженерлік есептерді шешу туралы дағдыға ие болуы тиіс.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент білуі тиіс: -тұрақты ток электр тізбектерінің негізгі заңдарын; - синусоидалы ток электр тізбектерінің негізгі заңдарын; - үшфазалы тізбектерді есептеуге арналған сұлбалар мен формулаларды;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Электрлік шамаларды өлшеу және өлшеу нәтижелерін өңдеу. Негізгі электр қондырғыларының параметрлері мен сипаттамаларын тәжірибелік түрде анықтау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Алғырлық, ұйымшылдық, қоғаммен жұмыс істей білу қабілеттілігі, зеректілік.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- білу керек:-қолданбалы есептерді шешу үшін ЭТН1 курсын оқу кезінде алынған білімді қолдану;-тұрақты және синусоидалы токтардың тізбектерін есептеу әдістерін қолдану; - үшфазалы тізбектердегі әртүрлі режимдерді зерттеу