Байытудың флотациялық әдістері
Сипаттама: Флотациялық процесс теориясының негіздері, физика-химиялық қасиеттері, реагенттердің әсер ету механизмі мен заңдылықтары, минералдардың селективті флотациясының оңтайлы жағдайларын анықтау әдістемесі зерттеледі, флотациялық аппараттардың конструкциялары қарастырылады және флотацияның нақты жағдайлары үшін оларды таңдау негізделеді, флотация процесін жетілдіру, оңтайландыру және қарқындату әдістері мен жолдары, технологиялық процестің талаптарын ескере отырып, айналмалы суларды кондициялау және пайдалану көрсетілген.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Минералдардың бөліну теориясы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 15 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| курстық жұмыс | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Бұл курстың мақсаты флотациялық байыту әдісінің теориялық заңдылықтарын, процестің физикалық-химиялық ерекшеліктерін, флотациялық сұлбалар мен негізгі жабдықты есептеуді меңгеру болады.
Міндет
- Пәнді оқу барысында студенттер флотация кинетикасын реттеуге және белгілі бір материалды (ірі түйіршікті, майда түйіршікті және т. б.) өңдеуге ең қолайлы флотациялық аппаратты дұрыс таңдауға қажетті флотация кезінде көпіршіктердің минералдану теориясы туралы; флотация кезіндегі реагенттердің әсер ету механизмі және реагенттердің әсерінен минералдардың флотациялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары туралы; минералды шикізаттың әртүрлі түрлерін флотациялық байыту технологиясы туралы түсінік алуы тиіс.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- флотациялық процестің физикалық-химиялық ерекшеліктерін, флотациялық реагенттердің минералдардың бетімен әрекеттесу механизмін, кендердің түрлі типтерін флотациялаудың технологиялық сұлбаларын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- байытудың технологиялық флотациялық сұлбасын, флотацияның оңтайлы реагенттік режимін таңдауды және негіздеуді, процестің негізгі технологиялық көрсеткіштерін есептеуді білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- алынған білім негізінде минералды шикізатты өңдеу және байыту бойынша тиімді және экологиялық қауіпсіз жұмыстар өндірісінің негізгі технологиялық параметрлерін таңдау және есептеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- технологияның және байыту жабдығының негізгі параметрлерін есептей білу; технологиялық процестің тұрақтылығын және шығарылатын өнімнің сапасын талдай білу; ағынды сулар мен атмосфералық ауадағы зиянды заттардың құрамын анықтай білу; қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және байыту процестерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту жөнінде техникалық шешімдер қабылдай білу; тиісті технологиялық байыту сұлбасын іске асыру үшін жабдықтардың оңтайлы кешенін таңдай және есептей білу және технологиялық процесті жүргізудің оңтайлы режимдерін негіздей білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі жұмыстарды өндіру технологиясын таңдау, қажетті құжаттаманы жасау қабілеті; байыту өндірісінің технологиялық сұлбаларын жобалау қағидаттарын және негізгі мен қосалқы байыту жабдықтарын таңдау қағидаттарын білу негізінде минералдық шикізатты өңдеу және байыту жөніндегі жұмыстарды тиімді және экологиялық қауіпсіз өндірудің негізгі технологиялық параметрлерін таңдау және есептеу қабілеті