Байыту фабрикаларының қалдықтарын қоймалау технологиясы

Ағзамова Перизат Алтайқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Байыту фабрикаларының үйінді қалдықтарының сипаттамасы бар. Қалдық қоймаларының құрылыстары мен қондырғылар кешені, қалдықтарды тасымалдау тәсілдері, сондай-ақ қалдық қоймаларын толтыру тәсілдері мен түрлері қаралды. Сарқынды сулардың құрамы және оларды тазарту әдістері баяндалған. Айналмалы сумен жабдықтауға және бүлінген жерлерді қалпына келтіруге назар аударылды.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Байыту фабрикалардың көтеру-тасымалдау жабдықтары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Бұл курстың мақсаты байыту фабрикасының технологиялық ағындары туралы мәліметтерді; қалдық сақтау қоймаларының негізгі типтерін; қалдықтарды сулы және құрғақ тасымалдау және салу жүйелерінің құрылыстарын, су қабылдау, тұнған суды ағызу, ағын суларды тазарту және байыту фабрикасында тұнған суды қайтару жүйелерін; қалдық шаруашылығының технологиялық процестерінің негізгі жабдықтарын оқып білу болады
Міндет
  • Сұйық және құрғақ қалдықтарды апатсыз сақтауды қамтамасыз етумен жинау, ағын суларды залалсыздандыру, фабрика пайдаланған суларды тиімді пайдалану және байыту қалдықтарының қоршаған ортаға экологиялық әсерін төмендету бойынша жұмыстарды орындау кезінде қажетті теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Байыту қалдықтарын жинау және сусыздандыру процестерін жетілдіру мақсаттары мен міндеттерін, байыту процестерінің қалдықтарын жинау және сусыздандыру үшін сұлбалар мен жабдықтардың есептерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қалдық сақтау қойманың түрін, гидравликалық тасымалдау жүйесін және қалдықтарды салу тәсілін; толық су айналымын пайдалану мүмкіндігін, ағын суларды тазарту тәсілін негіздеуді және таңдауды білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қалдық сақтау қоймаларының, байыту фабрикасының қалдықтарын тасымалдау және салу жүйелерінің, су қабылдаудың, тұнған суды ағызудың, ағын суларды тазартудың жүйелерінің негізгі технологиялық параметрлерін есептеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Теориялық білімді тәжірибелік қызметте сауатты пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Емтихандарды сәтті тапсыру