Байыту фабрикаларын жобалау

Еркешева Меруерт Сарсенбаевна

Оқытушының портфолиосы

Әділқанова Меруерт Әділқанқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Түсті металл кендерін өңдейтін байыту фабрикаларын жобалаудың негізгі ережелері зерттелуде. Байыту фабрикалары жобасының құрамы мен мазмұны, бастапқы деректер, жобалау құжаттамасының құрамы мен мазмұны келтіріледі. Кен дайындау және байыту ұлбаларын, негізгі және қосалқы жабдықтарды таңдау және есептеу әдістемесі, жабдықты құрастырудың негізгі принциптері, фабриканың бөлімшелері мен цехтарында негізгі құрылымдық және орналасу шешімдері келтірілген. Қалдық шаруашылығы мен фабрикалардың бас жоспарларын жобалаудың негізгі ережелері қарастырылады. Жобаның техникалық-экономикалық және сметалық бөлігіне қойылатын негізгі талаптар берілген.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Кенді дайындау үрдістері және жабдықтар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерде байыту кәсіпорындарын жобалау принциптері мен әдістемелерін, байыту фабрикаларын жобалаудың қолданыстағы нормалары мен ережелерінің құқықтық жүйесін, өнімдер мен процестерге қойылатын міндетті талаптарды терең түсінуді қалыптастыру, өнеркәсіптік жобалауда техникалық реттеудің тиімділігін қамтамасыз ету.
Міндет
  • - озық отандық және шетелдік байыту фабрикаларының заманауи жобалау-құрастыру шешімдерін игеру; - жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жобалауда, жаңғыртуда және кеңейтуде ілгерішіл бағыттарды игеру; - пайдалы қазбаларды өңдеудің өндірістік циклін жобалау кезіндегі операциялардың реттілігін зерттеу; - технологиялық сұлбаларды таңдау, негіздеу және есептеу әдістемесін; әр операция үшін аппарат түрін таңдау принциптерін меңгеру; - шикізатты байыту технологиясы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды пайдалану тәжірибесін, сондай-ақ байытудың технологиялық схемаларын таңдау және негіздеу үшін қажетті нормативтік құжаттарды алу. - шикізатты байыту технологиясы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды пайдалану тәжірибесін, сондай-ақ байытудың технологиялық сұлбаларын таңдау және негіздеу үшін қажетті нормативтік құжаттарды алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Байыту фабрикаларын жобалауға арналған алаңдарды таңдау ерекшеліктерін білу. Пайдалы қазбалардың минералогиялық және басқа да сипаттамаларының ерекшеліктерін ескерумен байытудың технологиялық сұлбасын, жабдықты құрастыруды негіздеу және таңдау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жобаланатын байыту фабрикасына арналған байыту процестерінің сапалық-санды және сулы-шламды сұлбаларын есептеуді білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Байыту фабрикаларын жобалау кезінде пайдалы қазбаларды байыту саласындағы іргелі және жаңа жетістіктерді пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Минералды шикізатты байыту саласында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • барлық тапсырмалар мен емтиханды сәтті тапсыру