Сусыздандыру және шаңтұту

Еркешева Меруерт Сарсенбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пайдалы қазбаларды байыту кезінде сусыздандыру және шаңтұту әдістерінің теориялық негіздері зерттелуде. Көрсетілген процестер үшін қолданылатын технологиялық жабдықтары мен аппараттардың конструкциялары қарастырылған. Жабдықтар мен сусыздандыру сұлбаларын таңдауы және есептеуі келтірілген. Ауаны тазарту және байыту өнімдерінен шаңды кетіру әдістері қарастырылған. Байыту фабрикаларында шаңмен күресу шаралары көрсетілген.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Байытудың флотациялық әдістері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Байыту фабрикаларында байыту өнімдерін сусыздандыру және шаңтұту процестерінің теориясын меңгеру. Осы процестер үшін қолданылатын жабдықтар мен аппараттардың құрылмалары
Міндет
  • Байыту өнімдерінен ылғалды кетіру әдістерін, байыту фабрикаларының ағынды суларын тазарту және шаңтұту мәселелерін, өнеркәсіптік сулардың зиянды және улы қоспаларын бейтараптандыруды қарастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Байыту өнімдерін сусыздандыру және шаңтұту саласындағы теориялық білімді бекіту, сусыздандыру әдістерін, сусыздандыру өнімдерінің рұқсат етілген ылғалдылығын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Байыту өнімдерінің сусыздандыру әдісін кеннің заттық құрамына және басқа да қасиеттеріне қарай, байыту өнімдеріндегі қаттының мөлшеріне қарай сусыздандыру сұлбасын таңдай білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Соңғы өнімдердің ылғалдылығына қойылатын талаптарды ескере отырып, байыту өнімдерін сусыздандырудың негізгі технологиялық параметрлерін есептеу мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Теориялық білімді тәжірибелік қызметте сауатты қолдана білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • барлық тапсырмалар мен емтиханды сәтті тапсыру