Органикалық химия
Сипаттама: Курсты игеру нәтижесінде студенттер органикалық қосылыстардың реакция механизмдері мен зертханалық эксперименттер жүргізу, заманауи әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, әртүрлі органикалық қосылыстарды синтездеу дағдыларын игереді. Пәнді зерттеу Органикалық заттардың молекулалық құрылымын, олардың химиялық қасиеттері мен жаңа материалдарды, синтетикалық талшықтарды, бояғыштар мен фармацевтикалық препараттарды жасау реакцияларын түсіну үшін қажет.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Өндірістегі аналитикалық бақылау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Базалық пән ретінде студенттерді келесі оқу және практикалық қызметте қолдану үшін жаратылыстану–ғылыми сипаттағы терең біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Міндет
- Органикалық химияның жаратылыстану-ғылыми білімінің маңызды саласы ретінде органикалық химия туралы түсініктерді қалыптастыру, органикалық химияның білімін, іскерлігін, дағдылары мен құзыреттілігін пайдалана отырып, кәсіби маңызды міндеттерді шешуді іздестіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - органикалық қосылыстардың химиялық құрылысының теориялары, органикалық молекулалардың құрылысы (химиялық, электрондық, кеңістіктік); Органикалық заттардың номенклатурасы, реакциялардың әртүрлі түрлерінің ағу механизмдері мен негізгі заңдылықтары; қосылыстардың негізгі кластары және олардың қасиеттерінің құрылымға тәуелділігі. - зертханалық жұмыстар кезінде қолданылатын бастапқы органикалық заттардың тазалық дәрежесі туралы ақпаратты; зертханада қауіпсіз жұмыс істеу және жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету ережелерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - органикалық химияның теориялық концепциялары мен нақты материалын шығармашылық талдау; химиялық ыдыспен жұмыс істеу, зертханалық қондырғыларды дұрыс жинау; - химиялық талдау нәтижелерін сауатты түсіндіре және ресімдей білу;; - органикалық заттармен тәжірибе жүргізу үшін қажетті есептерді жүзеге асыру, бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің физикалық және химиялық қасиеттерін анық көрсету; - эксперимент жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - органикалық молекулалардың құрылысын, олардың реакциялық қабілетін, қасиеттерін зерттеу және оларды практикалық қолдану бойынша теориялық мәселелерді зерттеу саласындағы ғылымның маңызды жетістіктерін қарастыру. - органикалық қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін байланыстыратын жалпы заңдар мен заңдылықтарды, оларды синтездеу жолдарын зерттеу; химиялық реакциялардың қалыпты өтуін қамтамасыз ететін қандай да бір жағдайларды таңдауды түсіну. - білім мен түсіну негізінде өз мамандығы бойынша білім шегінде кәсіби бағытталған тақырыптар бойынша терминдерді, негізгі ұғымдарды қолдана отырып, өз бетінше пайымдауларды қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - деректерді өңдеу, есептерді құру, алынған нәтижелерді талдау, қажетті қорытындылар жасау және ұсыныстарды қалыптастыру, баяндамамен, презентациямен сөз сөйлеу қабілетін қалыптастыру. - топта жұмыс істей білу, кәсіби қызметте ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - кәсіби міндеттерді шешу біліктерін дамыту. -арнайы анықтамалық, ғылыми-техникалық және әдістемелік әдебиеттермен, зертханалық жұмыстарға, коллоквиумға дайындық және рефераттар жазу кезінде жұмыс істеу дағдыларын дамыту. - Химиялық эксперимент техникасының негізгі дағдыларын меңгеру: ұсақтау, еріту, қыздыру, булау, қыздыру, сүзу, титрлеу. - сапалы реакциялардың көмегімен органикалық қосылыстарды анықтау.