Минералды шикізатты байыту және өңдеу негіздері

Еркешева Меруерт Сарсенбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пайдалы қазбаларды байытудың теориялық негіздері бар; пайдалы қазбалар туралы жалпы мәліметтер, олардың құрамы мен байыту көрсеткіштері қарастырылған; ұсату, елеу (сұрыптау), ұнтақтау сияқты дайындау операциялары сипатталған; гравитациялық, флотациялық, магниттік және электрлік, арнайы және құрамдастырылған байыту әдістері, сондай-ақ осы әдістерді жүзеге асыруда қолданылатын жабдықтар мен сұлбалар сипатталған.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Инженерлік білім беруге кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бұл курстың мақсаты пайдалы қазбаларды байыту процестерінің теориялық негіздерін, байыту жабдықтарының жұмыс қағидаларын, пайдалы қазбаларды өңдеудің технологиялық сұлбаларын игеру болады
Міндет
  • Пайдалы қазбаларды байытудың технологиялық сұлбаларын таңдауды, негіздеуді және есептеуді жүргізуге болатын алынған теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - байыту фабрикасының өндірістік процесінің бірыңғай тізбегін білдіретін пайдалы қазбаларды байыту процестерін (дайындық, негізгі және қосалқы) білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пайдалы қазбаларды байытуға арналған жабдықтарды және байытудың технологиялық сұлбасын таңдауды және есептеуді білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Пайдалы қазбаларды байытудың теориялық мәселелерін оқып білу кезінде анықтамалық әдебиетті белсенді пайдалану дағдысын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Алынған теориялық білімді тәжірибелік қызметте пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • осы курс бойынша барлық есеп тапсырмаларын және емтиханды сәтті тапсыру