Байыту фабрикаларының сұлбалары мен жабдықтарын таңдау және есептеу
Сипаттама: Байыту сұлбаларын және байыту жабдықтарын таңдау және технологиялық есептеу әдістері қарастырылған. Байыту фабрикалары жобаларының жобалау-сметалық құжаттамасының мазмұны мен көлеміне қойылатын талаптар баяндалған. Фабриканың бас жоспарын жобалау, жабдықты орналастыру бойынша негізгі ережелер қамтылған. Байыту жабдықтарының техникалық сипаттамалары және байыту фабрикалары үшін кеңейтілген техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтірілген.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Кенді дайындау үрдістері және жабдықтар
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Бұл пәннің мақсаты студенттердің байыту әдістерімен кенді байытуға арналған технологиялық схема мен жабдықты есептеу дағдыларын игеру, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды ескере отырып және қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес байыту фабрикасын жобалау болып табылады.
Міндет
- Студенттер пәнді оқу барысында-озық отандық және шетелдік фабрикалардың заманауи жобалау-жинақтау шешімдерін; жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жобалаудағы, қайта құрудағы және кеңейтудегі прогрессивті бағыттарды; жобалаудың жаңа әдістерін (АЖЖ); технологиялық схемаларды (ЭЕМ қолдана отырып), негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтарды таңдау, негіздеу және есептеу әдістемесін меңгеруі тиіс; - нақты жобалық шешімдерді қабылдай отырып, шикізатты байыту технологиясы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды, сондай-ақ байытудың технологиялық схемаларын таңдау және негіздеу үшін қажетті нормативтік құжаттарды пайдалануды үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Байыту фабрикаларын жобалауға арналған алаңдарды таңдау ерекшеліктерін білу. Пайдалы қазбалардың минералогиялық және басқа да сипаттамаларының ерекшеліктерін ескерумен байытудың технологиялық сұлбасын, жабдықты құрастыруды негіздеу және таңдау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жобаланатын байыту фабрикасына арналған байыту процестерінің сапалық-санды және сулы-шламды сұлбаларын есептеуді білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Байыту фабрикаларын жобалау кезінде пайдалы қазбаларды байыту саласындағы іргелі және жаңа жетістіктерді пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Минералды шикізатты байыту саласында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Емтихандарды сәтті тапсыру