Техникалық қызмет көрсету станцияларын және автокөлік кәсіпорындарын жобалау
Сипаттама: Пән автокөлік кәсіпорнын (АКК), оның мақсаты мен сипаттамасын, өндіріс процесінің сұлбасын зерттейді. АКК-ның құрылымы, бөлімшелердің функциялары, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары (ТҚКС), автомобильдерге сервистік техникалық қызмет көрсету және жөндеудің өндірістік процесінің сұлбасы қаралады. Технологиялық жабдықтар мен өндірістік бөлімшелердің алаңдарына қажеттіліктер талданады. Студент автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша өндірістік бағдарламаны есептеу дағдыларын алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Автомобильдерді техникалық пайдалану
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты автокөлік кәсіпорындарының өндірістік-техникалық базасының техникалық жарақтануы мен ары қарай дамуының тәжірибеде кездесетін мәселелерін шешуге қажетті білім беру үшін автомобиль көлігі кәсіпорындары мен қызмет көрсету станцияларын жобалаудың теориясы мен тәжірибесін оқыту болып табылады
Міндет
- Пәнді зерделеудің міндеттері: - АКК мен ТҚКС жобалаудың әдіснамасы мен принциптерін зерделеу; - студенттерге өзінің тәжірибесінде ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық ақпарат ағынына бейімделуге мүмкіндік беретін АКК мен ТҚКС жобалау саласында теориялық дайындық негіздерін қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- АКК және ТҚКС жобалау әдістерін білу және бас жоспар, өндірістік ғимараттар, сондай-ақ цехтар мен учаскелер үшін жоспарлау шешімдерін қабылдау принциптерін түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Автомобиль көлігі кәсіпорындарын жобалау процесінде білімді қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- жобаланатын және қайта жаңартылатын кәсіпорындардың жоспарлы шешімдерінің ұтымдылығы туралы пайымдауларды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- жобаланатын кәсіпорындардың жоспарлауын шешуге вариативті көзқарас тұрғысынан коммуникативтік қабілеттілікті дамыту
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- автомобиль көлігі кәсіпорындарын жобалау саласында жаңа білімдерді өз бетінше оқыту дағдыларын алу