Автомобильде пайдаланатын материалдар
Сипаттама: Автомобильдерді пайдалану материалдарының (отындар, майлар, жағармайлар, техникалық сұйықтықтар, лак-бояу, резеңке техникалық және басқа да полимерлік материалдар) құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін, сыртқы факторлардың әсерінен олардың өзгеру заңдылықтарын, олардың автомобиль түйіндері мен агрегаттарының жұмыс тиімділігіне әсерін зерттейді. Пайдалану материалдарын алудың, қайта өңдеудің, сақтаудың және кәдеге жаратудың заманауи және болашақ технологиялық әдістері де зерделенеді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Электромобиль және гибридті автомобиль құрылысы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттерде қазіргі заманғы пайдалану материалдарының (отындар, майлау матери-алдары, арнайы сұйықтықтар, металл емес материалдар) сапасына қойылатын пайдалану-техникалық талаптардың күрделі кешенін еркін меңгеруге мүмкіндік беретін, олардың ішкі жану қозғалтқыштарының, трансмиссия агрегаттарының және автомобильдердің басқа да конструктивтік тораптарының сенімділігі мен ұзақ мерзімділігіне әсерін ескере отырып, білім мен дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ экономикалық және экологиялық фактор-ларды ескере отырып, оларды тиімді қолдануды ұйымдастыру.
Міндет
- - ЖЖМ тұрлерін анықтау
- - автомобильдерді пайдалану қауіпсіздігі мен тиімділігіне әсер ететін пайдалану материалдарының қасиеттерін анықтау;
- - автомобильдерді пайдалану кезінде теріс экологиялық салдарларды азайтуды, автомобильдердің қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайдалану материалдарын таңдау
- - жылжымалы құрамның таңдалған пайдалану материалдарымен жұмысын болжау,
- - пайдалану материалдарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пайдалану материалдарының негізгі қасиеттері, сапа көрсеткіштері; оларды ұтымды қолдануды ұйымдастыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Көлік құралының нақты түрі үшін отын және майлау материалдарының маркаларын дұрыс таңдау; алмастырғышты таңдауды техникалық негіздеу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Талдау: жанар-жағармай материалдарын алу тәсілдері; ЖЖМ сапасының көлік техникасының жұмысына әсерін.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Шындықты бейнелеу және өзгерту үшін білімді шығармашылық түрде пайдалану; өз ойыңызды дұрыс, сауатты, түсінікті және жеткілікті түрде түсіндіру байланыс серіктестерінен ақпаратты қабылдау. Коммуникативтік қызметті жүзеге асыру, нақты оқу және оқудан тыс жағдайларда қарым-қатынас ережелерін пайдалану; ауызша және жазбаша түрде сөйлеу әрекетін дербес ұйымдастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жаңа білім мен дағдыларды, оның ішінде қызмет саласымен тікелей байланысты емес жаңа салаларда меңгеру, әлеуметтік және кәсіби құзыреттерді дамыту үшін таным, оқыту және өзін-өзі бақылау әдістері мен құралдарын өз бетінше қолдану қабілеті