Автомобильдерді құрылымдау және оның есебі
Сипаттама: Пән автомобильдердің қолданыстағы және келешек үлгілерін, олардың орналасу шешімдерінің ерекшеліктерін зерттейді. Студенттер әртүрлі типтегі және мақсаттағы автомобильдердің құрылымдарын талдау әдістерін зерттейді, автомобиль құрылымдарын әзірлеуде және құрылымның қуат және жүк көтергіш элементтеріне жүктемелерді есептеуде тәжірибелік біліктері мен дағдыларды меңгереді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Электромобиль және гибридті автомобиль құрылысы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Білім алушыларды автомобиль түйіндерін, агрегаттары мен жүйелерін жобалау әдістемелік негіздерімен таныстыру
Міндет
- Білім алушылардың автомобиль түйіндерін, агрегаттары мен жүйелерін жобалау дағдыларын меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Автомобиль түййіндерінің, агрегаттарының және жүйелерінің конструкцияларына талдау жүргізу және оларды есептеуді орындау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Алынған білім мен дағдыларды практикада және басқа пәндерді оқу кезінде қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қолданыстағы автомобиль конструкциялары және жаңа модельдерді жобалау әдістері туралы пікір қалыптастыру білігі
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымның басқа мүшелерімен өзара іс-қимылда қойылған міндеттерді шеше білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Осындай пәндерді оқу кезінде дағдыларды игеру