Ықтималдықтар теориясы
Сипаттама: Оқытылатын бөлімдер: Кездейсоқ оқиғалар, кездейсоқ шамалар және олардың таралу заңдары. Бұл бөлімдерді білу нақты техникалық және технологиялық процестердің нақты көрінісі болып табылатын стохастикалық математикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді. Бұл білім салалық статистиканың негізі болып табылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- болашақ инженерлерді жалпылама құбылыстардың ортақ заңдылықтарын зерттеуді, әр құбылыстың нәтижесіне кездейсоқ факторлардың әсер етуін шама жағынан бағалайтын әдістерді білуді, тәжірибелік деректерді алу әдістерін жасауды, нәтижелерді өңдеу және түсіндіру әдістерін әзірлеуді, осы әдістерді қолдана отырып, кездейсоқ щамалардың үлестіру заңдарын табуды үйрету.
Міндет
- «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнінің негізгі ұғымдарын және оның әр түрлі салаларда қолданылуын оқып білу; «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнінің негізгі заңдарын, теорияларын нақты есептерге қолданып, шешу әдістерін меңгеру; «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнінен игерілген әдістерін іскерлікпен қолдану; математикалық интуицияны дамыту; математикалық мәдениеттілікті тәрбиелеу; ғылыми көзқарас пен логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- 1.« Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәні бойынша негізгі іргелi ұғымдар жүйесін, негізгі анықтамалар және қасиеттер, теоремалар; 2. Белгісіз параметрдің дәлдiгiнiң бағасы және сенiмдiлiктiң статистикалық өңдеудiң негiзгi әдiстерiн біледі.
- 5. информированность в широком междисциплинарном контексте инженерии.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- 1. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнін меңгергеннен кейін алған білімдерін кәсіби пәндердегі қолданбалы есептерді шешуде және берілгендердің статистикалық өңдеуін әртүрлі есептердің математикалық үлгілерін құруда қолданады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- 1. Математикалық әдістерді қолданып, алынған үлгінің дұрыстығын талдайды және жаратылыстанудың әртүрлі салаларынан қолданбалы мақсаттарды шешу әдістері мен математикалық моделдер туралы көзқарасы болады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- 1. Команда құрамында математикалық әдістер қолданғанда өз көзқарасын негіздей алатын және жаңа шешімдер қабылдай алатын болады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- 1. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтерін қолдана отырып, білімдерін математикалық түрде тиянақты көрсете алады.