Банктік операциялар және қызметтер
Сипаттама: Коммерциялық банктердің Операциялар мен қызметтерін әр түрлігін, олардың қолданылу аясын және ерекшелігін, банк ісін ұйымдастыруда рөлін қарастырады. Банктік қызметі бағасына әсер ететін факторлар мен есептеудің негізгі әдістеріне, банктік қызметтің төлемділігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Экономикалық теория
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- 1. Коммерциялық банк қызметінің негіздерінде теориялық білім алу.
Міндет
- 1.Негізгі банк операцияларының мен қызметтерді ұйымдастыру және орындау туралы теориялық білім мен негізгі кешенді түсіністіктерді қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- 1. Әр түрлі банктік операцияларды мен қызметтердің сипатын, ұйымдастыру принциптері мен тәртіптерін, банк үшін операциялар тиімділігін анықтауды, тәуекел дәрежесін білу.
- 2. Банк операцияларын жүргізу механизмін, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін біл.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- 1. Банк қызметін реттейтін нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу;
- 2. Банк операцияларының негізгі түрлерін құжаттық рәсімдей білу және жүргізе білу (депозиттік, несиелік, бағалы қағаздар және шетел валютасымен операцияларды, коммерциялық банктердің есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету, ымыра жасау және басқа да операциялары) .
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- 1. Банк операцияларының және қызметтердің экономикалық тиімділігін негіздей білу;
- 2. Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін, клиенттің несиеге қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік, қаржылық интерпритация және талдау және басқа да ақпараттарды, банк операцияларын жүзеге асыру процесінде шығармашылық тәсілдердің дағдыларын меңгере білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- 1. Депозит, несиелеу және басқа да операциялар бойынша клиенттерге кеңес бере білуі;
- 2. Операцияларды жүргізу кезінде банк жүйесін автоматтандыруды қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін өзін-өзі оқытуға дағдылануға және қаржылық басқару дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеру.