Қаржыға кіріспе

Ислям Гульнара Ислямовна

Оқытушының портфолиосы

Варавин Евгений Владимирович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курстың пәні-елдің қаржы жүйесі, мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін ЖІӨ бөлу тәртібі. Курсқа бөлімдер кіреді: мемлекеттің қаржысы, кәсіпорынның қаржысы және халықтың қаржысы. Нәтижесінде студенттер қаржы жүйесінің әртүрлі буындарында қалыптасатын қаржы ресурстары мен ақша қорларының құрамы мен құрылымын, оларды бөлу және жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдалану тәртібі мен ерекшеліктерін білетін болады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Экономикалық теория

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Аралық аттестаттауды өткізу кезінде құзыреттердің құрамдас бөліктері үшін қорытынды бағаны шығару критерийлері: - білімі үшін интегралдық баға пәннің жұмыс бағдарламасында жоспарланған теориялық сауалнамалар, баяндамалар, тесттер және басқа да бақылау іс - шаралары нысанында ағымдағы және аралық бақылау нәтижелері бойынша студентке қойылады; - білігі үшін интегралдық баға ағымдағы және аралық бақылау нәтижелері бойынша студентке қойылады пәннің жұмыс бағдарламасында жоспарланған практикалық тапсырмаларды, бақылау жұмыстарын және басқа да бақылау іс-шараларын орындау нысанында; - ағымдағы және аралық бақылау нәтижелері бойынша студентке пәннің жұмыс бағдарламасында жоспарланған жеке тапсырмаларды орындау, басқа бақылау іс-шараларын қорғау нысанында иеленгені үшін интегралды баға қойылады

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Қаржының теориялық аспектілері, бюджеттік және салық жүйелерінің жұмыс істеу негіздері, ҚР Бюджеттік процесінің кезеңдері бойынша білім жиынтығын кешенді түрде ұсыну, сондай-ақ қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған мемлекет пен жеке қорлардың функцияларын іске асыруға арналған мемлекеттік қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері мен заңдылықтарын зерделеу.
Міндет
  • Қаржының табиғатын, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда категориялар механизмінің мүмкіндіктерін зерделеу, қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында оларды қолдаудың әдістерін түсінуге жету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер студенттерге: - қаржылардың, жалпы алғанда қаржылық жүйенің теориясы бойынша тиісті білім беру; - қаржылық сферада қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту; - қаржы жүйесінің болашақ мамандарына мүмкін болатын қаржылық жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқу нәтижесінде студент: - қаржыладың қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі қаржылық жүйені, оның құрылымын ұйымдастырудың формалары мен принциптерін оқып үйренеді; - өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, қаржы саласында практикалық дағдыларды меңгереді; - қаржы түсінігінің, қаржыларды басқаруа, қаржылық жоспарлау, қаржылық реттеу негіздерінің, қаржылық жүйе түсінігінің, мемлекет, шаруашылық жүргізуші субьектілер, үй шаруашылығы қатынастарының негізгідерінің теориялық аспектілерін меңгереді; - теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, қаржы жүйесінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді; - «Қаржыға кіріспе» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы қаржылық саясатты, шаруашылық операциялардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі; - қаржы жүйесінің экономикалық категорияларының негіздері туралы, сонымен қатар мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметтері және қаржылық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады; - өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, қаржы саласында ерекше арнайы білім алады
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Курсты меңгеру барысында экономика мен қаржыларда нарықтык негіздерді қолдану жөнінде қолданыстағы шаруашылық праткиканы белсенді қолдануды қажет етеді. Сондықтан нарықтік қатынастардың дамуының жинақталған тәжірибесін және олардың қаржыға әсерін талдай және қорытындылай отырып, нарықтік экономиканың дамуының болып жатқан үдерістеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Бұл үшін курсты игеру кезінде студенттердің жеке-дара жұмысы, олардың курстық жұмыстар дайындауы, студенттік конференциялар мен басқа ғылыми- практикалық іс шараларға баяндамалар даярлап, қатысуын қарастырады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Аталған курс студенттерді кәсіптік қызметтерімен байланысты іскерлік этика нормаларын қадағалауды; дәстүрге, қоғамдық нормаларға, қоғадық пікірлерге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды; кәсіптік қызметінде – командада жұмыс істеу қабілеттілігін, өзінің көзқарасын дұрыс дәлелдей білуін, жаңа шешімдерді ұсына білуін; тіл табыса білуін, ұжымның пікірімен санаса білуін, әр түрлі ситуацияларда, әр түрлі жағдайларда мобильді және икемді болуыу қабілеттіліктерінің болуына тәрбиелейді.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру, алған білімін кәсіптік қызметінде пайдалануға шұғыл бейімдеу қабілеттілігі, ресурстарды қалыптастыру және бөлу кезінде тиімді қаржылық шешімдерді таба білуі, жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.