Қаржылық менеджмент
Сипаттама: Пән білім алушыларда қаржылық менеджмент негіздері, оның мақсаттары, міндеттері, әдістері мен принциптері туралы теориялық-әдіснамалық білім қалыптастыруға, активтерді, меншікті капиталды және міндеттемелерді, портфельдік инвестицияларды тиімді басқару, ақша ағындарын реттеу, компанияның тәуекелдерін бағалау және басқару, оның құнын анықтау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған. Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы компанияны қаржылық жоспарлау, оның капиталының құрылымын оңтайландыру, қаржыландыру көздерін қалыптастыру және капиталды басқару саясатын әзірлеу саласында құзыреттерге ие болады.жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қаржыға кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Қаржылық менеджмент саласында кәсіптік қызметті орындауға жеткілікті деңгейде білімге, іскерлікке ие мамандарды дайындау, соның ішінде студенттерді заманауи қаржылық менеджменттің теориялық негіздеріне және қаржылық менеджменттің негізгі категорияларына үйрету.
Міндет
- Студенттерді қазіргі қаржылық менеджменттің әдістері мен ұстанымдарына, мақсаттарына, міндеттеріне сәйкес студенттерді жүйелі түрде оқыту; 2) шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қаржыны басқаруға қатысты жалпы тәсілдердің мазмұнын ашу; 3) студенттерге қаржылық ақпаратты дұрыс түсіндірілуі мен түсінуін және онымен дұрыс жұмыс істей білуді үйрету; 4) жалпы және қаржылық менеджменттің проблемалары бойынша студенттермен жаңа теориялық білімді игеру, атап айтқанда, қаржы саласындағы қандай да бір басқарушылық шешімнінң тиімділігін анықтайтын негізгі әдіс-тәсілдерді үйрену; 5) тәжірибелік қызметте қазіргі заманғы қаржылық менеджменттің қағидалары мен негізгі категорияларын қолдануға бағытталған студенттердің мүмкіншіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, соның ішінде: капитал салымын таңдау критерийлерін, компанияның қаржылық жоспарлауы, капитал құрылымын оңтайландыру, капиталды қаржыландыру және басқару саясатын қалыптастыру, компанияның құны мен нарықтағы жағдайын бағалау, корпорациялық тәуекелдерді басқару, активтер мен инвестициялық жобалардың қоржындарын басқару.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Қаржылық менеджменттің негізгі категориялары мен қағидаларын білу
- Шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қаржыны басқаруға жалпы тәсілдемелерді білу
- Ұзақ мерзімді инвестициялау және қаржыландыру әдістерін білу
- Қаржылық жоспарлаудың әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жобаларды бағалауда, дивидентік саясатты таңдауда, капиталдың рационалды құрылымын қалыптастыруда, қаржылық активтерді басқаруда қаржылы шешімдерді қабылдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және оның қаржылық стратегиясын дайындау
- Кәсіпорынның бюджетін қалыптастыру және оның қарыжысын басқару
- Қаржылық тәуекелдерді бағалау және оларды төмендету тәсілдерін анықтау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Студенттерді қаржылық ақпараттарды дұрыс түсініп және олармен жұмыс істеуге үйрету
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру үшін дұрыс шешімдерді қабылдау қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады