Ақпаратты қорғаудың әдістері мен құралдары

Кумаргажанова Сауле Кумаргажановна

Оқытушының портфолиосы

Котлярова Ирина Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән қорғау объектілерінің жіктелуін, ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдарын (вирустардан қорғау, рұқсат етілмеген кіруден қорғау), қорғау жүйелерін құрудың негізгі принциптерін қарастырады. Ақпаратты қорғау үшін криптографиялық алгоритмдерді қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Математика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласында білімі бар және мәліметтерді өңдеу жүйелерінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз білімдерін қолдана алатын мамандарды даярлау
Міндет
  • ақпаратты қорғаудың негізгі ұғымдары және мәселелерімен танысу
  • қауіпсіздік жүйесін құру принциптерін, ақпаратты қорғаудың заманауи әдістері мен құралдарын зерттеу
  • ақпаратты қорғау үшін криптографиялық алгоритмдерді қолдану тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ақпаратты қорғаудың негізгі әдістері мен құралдары туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • парольді идентификациялауды және рұқсаты жоқ қолданушыға кіруді шектеу арқылы есептеу ресурстарын қорғау құралдарын қолдану
  • шифрлау және криптанализ есептерін шешуде алгоритмдік модельдер мен бағдарламалау тілдерін қолдану
  • компьютерлік жүйелерде қауіпсіздікті бағалау және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын қолдану; ақпараттық қауіпсіздік механизмдерін дамыту перспективалары туралы пайымдаулар қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • топта жұмыс істей білу, ақпаратты қорғау үшін практикалық жұмыс дағдыларын қолдану
  • операциялық және ақпараттық жүйелерде мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ететін жаңа шешімдерді ұсыну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қажетті ақпаратты жинау, жүйелеу және жалпылау, заманауи ақпараттық және операциялық жүйелерде ақпаратты қорғау үшін алған білімдерін тәжірибеде қолдану