Автомобиль құрылысындағы экологиялық жүйелер
Сипаттама: Автомобильдерді пайдалану барысында пайдалану газдарының уытты компоненттерін бейтараптандыру жүйелері және уытты заттардың эмиссиясын азайтудың құрылымдық шешімдері қарастырылған.
Кредиттер саны: 2
Пререквизиты:
- Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 15 |
| СӨЖ | 15 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Осы пәнді оқытудың мақсаты экологиялық стандарттар мен регламенттердің орындалуын қамтамасыз ететін автомобиль құрылымын, автокөліктік экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған автомобильдердің даму тенденциясын зерделеу, жобалау принциптерін, пайдалану ережелерін, қызмет көрсету дағдысын игеру
Міндет
- Автомобильдерің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелерді жобалау, дайындау және пайдалану саласындағы мамандық бойынша кәсіби қызмет үшін тәжірибелік дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Автомобильдердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын бар құрылғылардың, жүйелердің, аппараттар мен аспаптардың мақсаты, жұмыс істеу принципі; автомобильдердің экологиялық көрсеткіштерін арттыру үшін автомобильдер мен олардың қызметтік түйіндерінің, жүйелерінің, құралдары мен әдістерінің жаңа концепцияларын дайындау тенденциялары мен бағыттары.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Автомобильді басқарудың электронды блоктарымен ақпараттарды алмасу арқылы жұмысқа қабілеттілігін бақылау мен экологиялық жүйелерін баптау үшін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Автомобильдің қасиеттері туралы пікір қалыптастыру үшін көліктегі ғылыми зерттеулер мен болжау саласында тереңдетілген білімді игеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- автомобильдің коммуникативті қасиеттерін меңгеру үшін диагностикалау мен сынау саласында тереңдетілген білімді игеру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Оқу дағдысын меңгеру мен ары қарай біліктілігін арттыру үшін көліктегі ғылыми зерттеулер мен болжау саласында тереңдетілген білімді игеру